Қарағанды-Астана трассасында 5 адам қаза тапты. Кazinform агенттігі бұл туралы Рolisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.Жол-көлік апаты, бүгін сағат 15.00 шамасында "Қарағанды-Астана" тасжолында болған. Осакаров ауданынан 50 шақырым жерде елордаға бағыт алған "Ford Ranger" автокөлігінің жүргізушісі алдын ала болжам бойынша рульге ие бола алмай қалып, жолды жөндеп жатқан жұмыскерді қағып кеткен. Кейін инерциямен жол шетінде тұрған КамАЗ-ға соғылған. Салдарынан жол жұмыскері, "Ford Ranger" автокөлігінің жүргізушісі және сол көлікте болған 3 жолаушы оқиға орнында мерт болды. «Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», –деді Қарағанды облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.