Қарағанды балабақшасында балалар уланып қалды

Қарағанды балабақшаларының бірінде балалар хлордануланып қалды, деп хабарлады BAQ.KZ ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.Ата-аналардың айтуынша, уланған екі баланың бірінің асқазанын шайған, екіншісінің өңеші күйіп қалған. Балалар 10 шілдеде кешке уланып қалған. Уланған бүлдіршіндердің біріне екінші дәрежелі өңеш пен асқазанның химиялық күйігі диагнозы қойылған. Қазіргі күні балалар ауруханасында емделіп жатыр. Тәрбиеші хлорды жәй сумен шатастырып алған. Менің ұлымнан басқа тағы бір қыз уланды, бірақ оның жағдайы, менің білуімше, жақсы. Оқиға болған кезде бізге ешбір балабақша маманы хабарласып айтпады, тек кешке балаларымызды әкетуге келгенде бір-ақ білдік. Егер дер кезінде жедел жәрдем шақырып, балалардың асқазанын шайса, жағдай ушықпас еді, - дейді Алина есімді ата-ана. Облыстың денсаулық сақтау басқармасы бүлдіршін улану фактісі бойынша 10 шілдеде көпсалалы облыстық балалар ауруханасына түскенін айтады. "Тексеру жүргізіліп, ем тағайындалды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, қанағаттанарлық", - деп нақтылады ведомство. Қарағанды қалалық білім бөлімі 11 шілдеде оқиғаға кінәлі мамандар жауапкершілікке тартылғанын айтты. 10 шілдеде "Бәйтерек" бөбекжайы" КММ-де сағат 18.30 шамасында "Еркетай" тобының балалары серуенде су сұраған. Тәрбиеші топқа барып, шәйнектен су құйған. Тәрбиешінің көмекшісі шәйнекті тазарту үшін бір део-хлор таблеткасын салып қойған. Су алуға келген тәрбиеші бұл туралы білмеген. Медицина қызметкері сағат 18:55-те жедел жәрдем бригадасын шақырды. Бұл факт санитарлық нормаларды сақтау талаптарын білмеудің салдарынан болды. 11 шілдеде барлық кінәлі - медицина қызметкері, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады білім бөлімі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
«Дариға Назарбаеваны сағынып жүргендер бар». ҰҚК депутаттын сауалына берді
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді
Қазақстанның басым бөлігінде боран болып, тұман түседі
Алаяқтар «айыппұлмен» алдауға көшті
Ақмола облысында төрт жасар бала 39 магнитті жұтып қойды
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қазақстанның былтырғы күзде қанша астық экспорттағаны белгілі болды