Қарағанды маңында үш көлік соқтығысып, жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Қызылорда-Павлодар тасжолының 931-шақырымында, Дубовка ауылының маңында болған. Сағат 22:23-те Audi, Chevrolet Cobalt және Toyota Previa көліктері соқтығысқан.Оқиға салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің төрт жолаушысы мен 22 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан тіл тартпай кетті. Audi-дің 21 жастағы жүргізушісі, оның 17 жастағы жолаушысы және Toyota Previa көлігінің 39 жастағы жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді."Қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерге жол-қауіпсіздік ережелерін сақтау керегін ескертеді", - деп хабарлады полиция.Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ауруханаға түскендердің жағдайына қатысты түсінік берді. Ведомствоның мәліметінше, екі адам ауруханада ауыр халде жатыр. Қалғандары амбулаторлық емдеуге жіберілді.