Қарағанды облысы Шет ауданының бірнеше ауылы әлі күнге дейін жарық пен жолға зәру болып отыр

Қарағанды облысына қарасты Шет ауданының Красная поляна ауылының тұрғындары әлі күнге дейін жарық пен жолға, интернетке зәру. Елдімекенге автобус кірмейді. Қалаға қатынайтын таксидің құны- 15 мың теңге. Жылдар бойы талай табалдырықты тоздырған жұрт “Amanat” партиясының көмегіне жүгінді. Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесті. Жиі сөнетін жарықтан әсіресе ұстаздар мезі болған. Күндіз жұмыста ток сөнеді, ғаламтор толық тартпайды. Жыл бойы оқушыларға интернетті өз телефондарынан таратып келген. Наталья ТАУЦКАЯ, КРАСНАЯ ПОЛЯНА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:Ветер подул нету света... Жел соқса да, жаңбыр жауса да, найзағай жарқылдаса да жарық сөнеді. Үйде бірдеңе істеуге қорқасың. Өткен жылы бірнеше күн жарық болмаған кезде тоңазытқыштағы азық- түлікті тастауға тура келді. Ал мектепке келсең интернет жоқ, қазір педагогикада ол өте қажет{, еріксіз оқушылармен бөлісеміз. Красная полянада 1 мыңға жуық халық тұрады. Ауыл облыс орталығынан 100 шақырымда, ал Жезқазған- Қарағанды тас жолының бойынан небәрі 4-5 км қашықта. Осы аумақтың нашарлығы сонша ауылға автобус кірмейді. Тұрғындар бағасы аспандаған таксимен қатынауға мәжбүр.Наталья ТАУЦКАЯ, КРАСНАЯ ПОЛЯНА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:Бізде демалыс күндері қаладан үйлеріне қайтатын студенттер көп. Оларды Қарағандыдан әкелу ең арзан дегенде 15 мың теңге. Апару да сондай. Жүргізушілер нашар жолмен жүргілері келмейді. Шет ауданының бірнеше ауылында жарық проблемасы шешілмей келеді. Ауданды электр тогымен қамтитын “ШетЭнерго” серіктестігі жергілікті әкімдікті де пысқырмайды, соттасады, айыппұл төлейді, сонымен құтылады. Амалы таусылған жұрт “Amanat” партиясының көмегіне жүгінді. Қазір елімізде “Құқықтық” көмек жобасы жүзеге асырылып жатыр. Осыған орай Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдері ауыл тұрғындарының жанайқайын шенеуніктермен бірге барып тыңдады. Александра ЛИСАЧЕНКО, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:Партия әрбір сұрақты өз бақылауына алады. Олардың шешілуін қадағалаймыз. Тиісті мекемелерге сауалдар жолданып, облыстық, аудандық әкімдіктермен бірлесіп жұмыс істейміз. Орал СЫТЫБАЕВ, ШЕТ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:“Республикалық жолдан Красная Поляна елді мекеніне кіре беріс жолға 4 жарым шақырым, бүгінде конкурс ойнатылып жатыр. Биыл жартысын салып, толық беріп жатса толық бітіреміз. Негізі переходящий объект, ауыспалы нысан, келесі жылға негізгі, 1-2 жылда халық игілігіне пайдалануға бергіземіз”. Партия өкілдері Красная Поляна ауылында су тасқынынан зардап шеккендермен де кездесті. Мұнда 7 үйді көктемде су басқан. Отбасылардың 3- еуіне үй сатылып алынса, қалғандары жөнделген. Жалпы шет ауданында 60 үйге су кіріпті, оларға барлығы 50 млн теңгеден астам сомаға көмек көрсетілген. Ақмарал МУСИНА, КРАСНАЯ ПОЛЯНА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:“Үй берді үкімет жағынан, қаржылай да, продукт болса да барлық жағынан көмек берілді негізі. Енді осындай бір проблема бар деп айта алмаймын енді, Аллаға шүкір енді осы”. Сондай- ақ Жезқазған тас жолындағы діңгектерден оптикалық талшықты жылдам интернет тарту жоспары бар. Олардың орындалу барысын партия бақылайтын болды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Семей қаласындағы жағдай: мұғалімдердің заңсыз жұмысқа тартылуы тексерілді
Америкалықтар термоядролық станция жасап, шексіз энергияға қол жеткізбекші
Биылғы желтоқсан айында ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне миллионға жуық адам келді
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті