Қарағанды облысында 12 мың жұмыс орны ашылады - әкім

Қарағанды облысында 2023–2025 жылдар аралығында 18 заманауи мектеп салынбақ. Сондай-ақ, өңірде 12 мың жұмыс орны ашылмақ. Бұл туралы Президенттің қабылдауы кезінде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев айтты. Бұл туралы  Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Әкім Мемлекет басшысына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен әлеуметтік салаларда атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі, инвестиция тарту ісі, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқыны туралы мәлімет берді. Ермағанбет Бөлекпаев 53 ірі жобаны жүзеге асыру қолға алынғанын, нәтижесінде 12 мың жұмыс орны ашылатынын айтты. Оның айтуынша, облыста шағын және орта бизнес субъектілерінің саны артып келеді.«Жергілік органдар құны 18 миллиард теңге болатын 5,5 мың жобаны қаржыландырып 5,8 мың жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар былтыр өңірде 597,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ауыл шаруашылығы саласында өткен жылы 1,2 миллион гектардан астам жер қайтарылды. Биыл игерілмей жатқан 580 мың гектар жерді қайтару жоспарланып отыр» делінген әкім баяндамасында. Мемлекет басшысына әлеуметтік саладағы жоспарлар жөнінде баяндалды. Атап айтқанда, ауылдық елді мекендерде 92 медицина нысаны салынады, ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау саласын жаңғырту аясында 2 ауданаралық аурухана құрылады. Сондай-ақ, Қарағанды медицина университеті жанынан 300 орындық клиника мен 200 орындық перинатальдық орталық салу қарастырылған. Облыста 2023–2025 жылдар аралығында 18 заманауи мектеп салынуға тиіс.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың әкімдеріне былтыр өңірлерге жұмыс сапары барысында берген тасырмалары уақытылы әрі сапалы орындалуға тиіс екенін айтты. Сондай-ақ өңірлердің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі қамтамасыз етуді және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Петропавлда дәмхана маңындағы төбелес видеоға түсіп қалды
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
«Қазақ маман қарастырылып жатыр»: Станислав Черчесов бапкерліктен кетуі мүмкін
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Компьютерлік клубтан 121 миллион жымқырған астаналық сотталды
Зомбылық түбі – қорлық
Тұман, көктайғақ: 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды