Қарағанды облысында 19 жүк вагоны жолдан шығып кетті

Қарағанды облысының Қарабас станциясында 19 жүк вагоны рельстен шығып кетіп, салдарынан жүздеген жолаушы жолдан қалды. Кей пойыздар кешіксе, екі электропойыз қатынасы кейінге қалдырылды. Жолдағы жағдай қашан реттеледі, толығырақ Айжан Қуаштың репортажында. Вагондардың барлығына астық тиелген. Алдын ала болжам бойынша, бірінші вагон тоқтап, қалғандары артынан кептеліп құлаған. Салдарынан Құлайғыр және Қарағанды бағытындағы екі электропойыз қозғалысы бүгін толық тоқтатылды. Қарағанды вокзалында адам қарасы көп. Жүздеген жолаушы жолдан қалды. Кей поездар уақытынан кешігіп жатыр. Зарқын ӨЗТЕМІРОВ, ЖОЛАУШЫ: Қостанай-Алматы поезын тосып отырмыз. Хабарлады жаңа 40 минут тосып отырмыз. Енді білмеймін бірінші 15 минут деген содан кейін тағы 40 минут қосты оған. Альбина АБДУЛЛАЕВА, ЖОЛАУШЫ: Әр қайтқан уақытта үнемі хотя бы 5 минутқа кешігеді ғой. Поездарды жаңарту керек, иә поездарды , жолдарды. «ҚазақстанТемір жолы» компаниясының ақпаратынша, оқыс оқиға жеке меншік вагондардағы ақаудан болған. Темір жол учаскесін жөндеу үшін 3 қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Жалғас СМАҒҰЛОВ, ҚАРАҒАНДЫ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ: Поездар аса қатты кешігіп жатқан жоқ. Кешігіп жатқан Қостанай - Алматы.Қалған поездар уақытысымен келіп жатыр. Вагондардың жолдан шығуына байланысты Қарабас станциясы арқылы жүретін электропоездар кейінге қалдырылды. Оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Айта кетейік, осыдан бір жарым ай бұрын дәл осы Қарабас станциясының маңында 14 вагон жолан шығып, мыңға тарта жолаушы иен далада бөгелген болатын. Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ: «Қазіргі таңда рельсті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Темір жолдағы қозғалыс қашан реттелетіні белгісіз. Полиция «қауіпсіздік ережесін бұзу» бабымен қылмыстық іс қозғады. А. Қуаш

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Жетісу облысында жоғалған малшы табылды
Шырша орнатамын деп құлаған мұғалімнің жағдайы туралы айтылды
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
“90 жылдардағы бандит“. Атақты продюсер күйеуі жайлы ел білмейтін ақпаратты айтты
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
23 желтоқсандағы доллар, еуро және рубльдің бағамы жарияланды
Шырша безендірген мұғалім жарақат алды: Аймағамбетов бақылауды күшейтуді ұсынды
"Таза Қазақстан" экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
Футзалдан Қазақстан кубогының топтық кезеңіндегі 2-тур ойындары өтті
Алматыда қылмыс жасаған өзбекстандық Ресейде ұсталды
Семейде шырша құру кезінде биіктен құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды
Алматылықтарды 3,7 млрд теңгеге алдап соққан Өзбекстан азаматы экстрадицияланды
Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Аса ірі алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадацияланды