Қарағанды облысында 2 мыңнан астам ірі қара бруцеллезге шалдыққан

Қарағанды облысында 2 мыңнан астам ірі қара бруцеллезге шалдықты. Ол 6 қала, 7 ауданнан анықталды. Жағдай әсіресе Қарақаралы ауданының Мәди ауылында күрделі. Бұл туралы бүгін облыстық ветеринария басқармасының басшылығы мәлімдеді. Қазіргі таңда ауырған малдың көбі Мәди ауылында, қазірдің өзінде саны 159- ға жеткен. Бруцеллез сонымен қатар Шет, Бұқар жырау,Нұра, Ақтоғай аудандарының да бірнеше ауылынан шығып отыр. Бұл елдімекендерде санитарлық сауықтыру шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар малдың ет, сүт өнімдерін шығаруға тыйым салынып санитарлық шектеу қойылды. Қайырбек ТҰРСЫНБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Сүт өнімдері, ет өнімдері шығарылмайды. Тек қана ет өнімдері ветеринариялық- санитариялық сараптама дейді ғой , соның негізінде ғана сойысқа сойылады. егер характерный изменение керек болса кетеді 12 сағатқа тоңазытқышқа. Ал егер де болса тек қана ет цехтарына кетеді. Айта кетейік бруцеллезге қарсы вакцина 2007 жылға дейін мемлекет қаржысына тегін салынатын. Қазір мал иелері өздері сатып алып екпе жасатуы керек. Бір дозасының құны шамамен 1300 теңге. Ауылдықтардың көбі малға вакцина еккізбеген. Салдарынан соңғы 8 айда Қарағанды облысында 19 адам бруцеллез дертіне шалдыққан. Алайда бұл науқастар ауруды қазір мал ауырырп жатқан санитарлық ошақтарда жұқтырған жоқ,- дейді мамандар. Дегенмен адам мен малға ортақ аурудан қатаң сақтануды ескертті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Президент Abu Dhabi Ports Group бас директоры Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті
Семейде 3 ай бұрын жоғалып кеткен ер адам өлі табылды
Қазгидромет Алматы мен Астана тұрғындарына ескерту жасады
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» деген атаққа ие болды
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» жаңа атаққа ие болды
Қара жәшік Қазақстанға жетті
Жамбыл филармониясына – 90 жыл
Маңғыстау облысында алып сәби дүниеге келді
Астанада осы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Ақтөбе облысында аудан ауруханасына жаңа жабдықтар берілді
Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиевтің үйленуіне қатысты ойын айтты
Израиль мен ХАМАС қақтығысты тоқтатуға келісті - Reuters
Елордада 200-ге жуық мектеп оқушысы жұмысшы мамандығы бойынша диплом алады
Алматыда полиция бұзақыны қолға түсірді
Алан Құрманғалиев үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды
Жітіқарада үйі өртеніп, бес баласынан айрылған әйел сотталды
«Қалағанынша бақытты болуға лайықты»: Балжан Бидаш экс-күйеуінің үйленуіне қатысты ойын айтты
Бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады
Анастасия Городко Қазақстанға Универсиаданың екінші алтын медалін сыйлады
Қазақстан студенттері фристайл-могулдан Дүниежүзілік қысқы универсиадада үздік нәтиже көрсетті
Ақмола облысында 80 отбасы жаңа баспанаға қоныстанды
Ақмола облысында мас танысының атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды