Қарағанды облысында 500-ге жуық адам баспанаға мұқтаждар кезегінен алынып тасталды

Қарағанды облысының прокуратурасы 454 адамды баспанаға мұқтаждар кезегінен алып тастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, облыс прокуратурасы тұрғын үй заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізді. «Тексеру барысында тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұрған 33 мың азаматтың 454-і аталған санатқа жатпайтыны және мемлекеттік қордан тұрғын үй алуға құқығы жоқ екені анықталды (ден қою актілері бойынша кезектен шығарылды). 50 адамға ауданы заң талаптарына сәйкес келмейтін пәтерлер берілген», - делінген хабарламада. Қадағалау актісі бойынша иесі жоқ 78 тұрғын үйді коммуналдық меншікке қабылдау шаралары жүргізілуде. Азаматтардың жалға берілген тұрғын үйлерге төлемдер бойынша қарыздары 20 миллион теңгені құрайды, ден қою актілері бойынша жергілікті атқарушы органдар сотқа талап-арыздар берді. «Шахтинск қаласында пәтерді тұрғын үйді жалға беру шартын заңды деп тану туралы жалған сот шешімінің негізінде жекешелендіру түріндегі алаяқтық фактісі анықталды. Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада. Сондай-ақ Ақтоғай ауданында мұқтаж азаматтарға жағдайы өрт және санитарлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін, атап айтқанда қабырғаларында жарықтар мен ылғалдылық бар, электр қондырғылары зақымдалған, сымдары ашық және т.б. ақаулары бар 4 тұрғын үй сатып алынған. Сол ауданда электр қуатына қосылмаған 2 тұрғын үй сатып алынған.Тексеру жалғасуда және тұрақты бақылауға алынған.                           

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мектеп оқушыларына жұмысшы мамандықтары туралы семинар өтті
Tesla-ның 239 000 көлігінде камераның ақауы табылды, оларды кері қайтарып алмақшы
«Жұмысшы мамандықтары жылы»: Алматыда талапкерлерге кәсіби бағдар жасауға арналған семинар өтті
МӘМС жүйесін сақтап қалуымыз керек: ДСМ
Ауыл медицинасы: Жаңа жетістіктер мен цифрлық серпін
Азаматтар вакцинация деректерін оңай бақылай алады
Уақыт пен қаражат үнемделеді
Денсаулық сақтау саласындағы маңызды бағыт
«Бір күндік клиника» жобасы – ана денсаулығын қорғаудағы жаңа қадам
АҚШ қаржы министрлігі «Нұрсұлтан Назарбаев» танкеріне санкция салды
Өзбек футболының жаңа белесі: Абдуқодир Хусанов "Ман Сити" ойыншысы атанды
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады: денсаулыққа пайдалы өзгерістер
Абайтанушы Мекемтас Мырзахметов өмірден озды
«Тұран таулары» халықаралық симпозиум-пленэрі көрмесі ашылды.
55 миллион теңге ұрлаған күдікті Швецияда ұсталды
Жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленеді
Алматыда есірткі өндірісіне арналған 3 тонна прекурсорлар мен құрал-жабдықтар тәркіленді
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
11 қаңтардағы ауа райы болжамы: тұман мен жел күтілуде
Таза көңілімен қарсы алды: Жұлдыз Әбдікәрімова басқа қалада тұратынын айтты
«Мені қорлады, намысыма тиді»: Атырауда мектеп мұғалімі педагогтар кеңесінен кейін өзіне қол жұмсамақ болды
Гвардейск гарнизонында тактикалық даярлық сабақтары өтті
Алматыда полиция қызметкерін өлтіріп кетті
“Келешек“ жүйесі: қалай жинауға және қайда жұмсауға болады?