Қарағанды облысында ажырасу процесінде әйелін пышақтап өлтірген ер адам қамауға алынды. Күдікті бүгін Бұқар жырау аудандық сотының санкциясымен күдікті уақытша қамау изоляторына жеткізілді. Оқиға Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде болды. Күдікті -Ғабиден Мұстафин кентінің тұрғыны. Әйелі ажырасуға арызданып соңғы кезде Алматыда қызымен тұрып жатқан. Бірнеше күн бұрын ерлі- зайыпты азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне неке бұзу процесіне келеді. Дәл осы отырысқа пышақ алып келген еР адам әйелін кеуде тұсынан бірнеше мәрте пышақтаған. Бөлмеде бақылау камерасы болмапты. Оқиғаға куә мекеме қызметкері -әйел адам, еш шара қолдана алмаған. Жедел жәрдем шақырғанымен қансыраған әйел жансақтау бөлімінде көз жұмды.Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: Аталған дерекке байланысты ҚР ҚК-тің «адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Басқа ақпараттар тергеу құпиялығына сәйкес жариялауға жатпайды.