Қарағанды облысында «Amanat» партиясының «Ашық есік күні» өтті. Оған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен атқарушы органдардың басшылары қатысты. Халық қалаулылары өз аумақтарында қордаланған сұрақтарды тікелей билік өкілдеріне қойып, түрлі сауалдарға жауап алды. Партияның бастамасымен былтырдан бастап ұйымдастырылған жаңа форматтағы форум осы кезге дейін елімізде 2 жүзге тарта сұрақтың шешілуіне жол ашқан. Бүгінгі форум -барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен атқарушы органдар басшыларының бетпе- бет кездесуі. Халық қалаулылары облыс әкімі мен орынбасарлары, түрлі департамент және басқарма басшыларына тікелей сұрақ қойып, жауап алды. Былтыр дәл осындай ашық есік күні Астанада өтті. Нәтижесінде еліміздің мәжіліс және мәслихат депутаттары 186 сұраққа қанағаттанаралық жауап алған. Жандос ҚАЛТАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ АУМАҚТЫҚ ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Депутаттық сауал нақыт бір жағдаймен ғана шектеледі және белгілі мерзімде ғана беріледі. Ал енді тікелей көзбе- көз кездескен кезде оның тарихын айтып беруге болады, оны жыл сайын қайталана беретін нәрсені ұзын сонар сауалда жаза бермейсің ғой енді. Ал бұл жерде жеке, көзбе- көз мәселені айтып , оның салдары ғана емес шығу себебін түсіндіруге болады. Осы арқылы көптеген мәселелер шешілді». Жаңа форматтағы форумның нәтижесін депутаттар да байқаған. Әсіресе аудан, шағын шаһарлар мен ауыл проблемасын шешуде тиімді,- дейді. Саят СОЦИАЛ, ШЕТ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ: «Бұл гос орган мен біздің депутаттар арасындағы қарым- қатынас. Екі жақты қарым- қатынас болса шешілмейтін сұрақтар болмайды. Мен өзім мына Шет ауданының экологиялық жағдайы бойынша сұрақтарымды қойған болатынмын. Соған уақытысында жауап алдық». Халықты экологиядан басқа ауыз су, жарық, жол, жылу проблемалары мазалайды. Саран қаласының депутаты қаладағы орталық қазандықты тезірек қосуды сұрай келген. Шаһарда 12 шағын қазандық бар. Олар қаладағы үйлерді жылыта алмайды, пәтерлер суық. Жанбол ЖАЯУБАЕВ, САРАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Жылу мәселесі бойынша көп сұрақ келеді да, көршілерім мысалы айтады бізе 17- ге түседі, 16- ға түседі. Сол жылу мәселесі бойынша көп сұрақ келеді да. Дала аяз боп жатқан себептен халық осы сұрақты көбінесе сұрайды». Аманаттықтардың айтуынша, ашық есік күні атқарушы органдар мен депутаттардың жұмысына баға беріп, белсенділігін анықтауға септігін тигізген. Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ: «Мәслихат депутаттарынан 72 сауал түсті. Сұрақтар облыстық басқармаларға жіберіліп 12- сінен жауап алынды. Алайда облыстық 3 басқармадан әлі күнге дейін жауап жоқ. Облыста 138 фракция мүшелерінің 12 депутаты бірде бір қабылдау өткізбеген фактілері анықталып отыр». Партия жанындағы қоғамдық қабылдау бөлмелерінде және сайлауалды үгіт- насихат кезеңінде сайлаушылардан 4 мыңнан аса сұрақ жиналған. Барлық мәслихаттардағы партияның фракция мүшелеріне кем дегенде тоқсанына 1 рет кездесу өткізу тапсырылды.