Қарағанды облысында ”АМАNАТ” партиясының “Балалар- Аманатымыз” акциясы басталды

Қарағанды облысында ”АМАNАТ” партиясының белсенділері “Балалар- Аманатымыз” акциясын бастады. Балаларды қорғау күніне орай жарияланған халықтық жоба ең алдымен ата- ана қамқорлығынанан айырылған кішкентай қазақстандықтарды қолдауды көздейді. “АМАNАТ” партиясы аймақтық филиалының өкілдері мүмкіндігі шектеулі балалар үйіне барып, түлектермен тәлімгерлік кездесу өткізді. Белсенділер оларға алдағы уақытта кез келген сұрақ туындаса нақты қолдау көрсететіндерін жеткізді. Мұнда дамуында ақауы бар жеткіншектер 9- сыныпты тәмамдап, орта оқу орындарына түседі. Араларында денсаулықтары нашар болса да интеллектісі толық сақталған жасөспірімдер де бар. Көпшілігі ресторатор, тігінші, аспаз, құрылысшы,шаштараз, аити маманы мен мұғалім, тәрбиеші секілді сұраныс көп кәсіптерді таңдаған. Сонау 1932 жылы жас қылмыскерлерге арналып ашылып, кейін 2 жылдан соң қуғын- сүргін құрбандарының балалар үйіне айналған мекеме бүгінде мыңдаған балаға бағыт- бағдар берген үлкен шаңыраққа айналған. Биыл 90 жылдығын атап өтпек. Партия белсенділері ұжымға арнайы алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыстады. Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, AMANAT” ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:“Бұл акцияның басты мақсаты балалар біздің үлкендердің аманаты, сол аманатқа біз адал болуымыз керек. Бүгін “Amanat” партиясының мүшелері, біз қоғам белсенділері, “Amanat” партиясынан сайланған барша депутаттар  өз өңірлеріндегі әрбір балаға осы “Балалар аманатымыз” акциясының аясында бар жақсылықты, мейірім мен махаббатты, шынайылықты біз көрсетуіміз керек,- деп есептейміз. Екатерина КОВАЛЬ, ОБЛЫСТЫҚ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТҮЛЕГІ:“Мен биыл 9 сынып бітіріп жатырмын. Болашақта гуманитарлық колледжге түсіп мұғалім мамандығына оқығым келеді. Мен балаларды жақсы көріп, оларға үлгі болғанды қалаймын. Балаларды жақсы көрем”.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы облысының тауларында алдағы үш күнде қар көшкіні болуы мүмкін
АҚШ үкіметі тек екі жынысты мойындайды – Трамп
«Өліп кетуі мүмкін еді»: Дәрігер биіктен құлаған мұғалімнің қандай жарақат алғанын айтты
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды