Қарағанды облысында арнайы операция барысында ірі қылмыстық топтың 40 адамы ұсталды

ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті мен ҰҚК 5-ші департаменті бірлесіп, Қарағанды облысындағы криминогендік жағдайға ұзақ уақыт бойы теріс әсер етіп келген қылмыстық топтың әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Polisia.kz.Бұл топтың мүшелері атыс қаруын қолданып, түрлі қақтығыстар ұйымдастырған. Осылайша қоғамдық тәртіпті бұзған. Жедел деректер бойынша топ мүшелерінің саны 50-ге жуық, оның ішінде құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері, сондай-ақ күзет ұйымдарының қызметкерлері де бар. Көшбасшы мен топ мүшелері арасында нақты иерархия құрылған. Әрбірінің міндеті мен өз рөлі болған. Жасырыну шаралары қатты сақталған.Өткізілген арнайы іс-шаралар нәтижесінде өңірдің ірі өнеркәсіптік объектілерінде, оның ішінде «Арселлор Миттал Теміртау» Акционерлік қоғамында тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлау фактілері ашылды.Топ мүшелерінің бірқатар ашылмаған ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бары анықталды – бұл бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, кісі өлтіруге оқталу және бұзақылық. Арнайы операция барысында 100-ден астам тінту іс-шаралары жүргізілді, 9 атыс қаруы, 200-ге жуық оқ-дәрі, гранатомет, тротил, гранаталар, құжаттар және жалған мөрлер, діни әдебиеттер, қолма-қол ақша, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, сондай-ақ қашықтан тыңдауға арналған арнайы техникалық тыңдау құралдары тәркіленді. Полицияға 40 адам жеткізілді. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы директоры сотталды
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Мөлдір Әуелбекова ата-анасының тағы бір арманын орындады
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Euronews: Ақтау маңындағы ұшақ апатына зымыран себеп болды
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры сотталды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін