Қарағанды облысында биыл 50 мыңнан астам жұмыссыз азамат еңбекпен қамтылды. Олар- жастар, көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандар. Аймақтық жұмыспен қамту картасы аясында зейнетке жақындаған егде тұрғындар да екі қолға бір күрек тапты. Сөйтіп Қарағанды елімізде жұмыссыздық деңгейі ең аз облыс қатарына енді.Жас маман Аянның оқиғасы тәжірибесі жоқ түлектерге мотивация. Жоғарғы оқу орнынан «мемлекеттік жергілікті басқару» мамандығын тәмәмдаған ол «жастар тәжірибесі» бағдарламасының арқасында жолын тапты. Алғашында 1 жыл уақытша партияда жұмыс істесе, кейін қаладағы мансап орталығының тұрақты қызметкеріне айналды. Кезінде жұмыссыз жігіт енді өзгелерге жұмыс тауып беріп жүр. Аян СӘБИТОВ, МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ: «Жастарға кеңес беремін біздің мансап орталығына келсін. Бізде көптеген программалар бар , сол программалар бойынша жұмыс табуға өзіміздің ықпалымызды тигіземіз». Қарағанды облысында аймақтық жұмыспен қамту картасы аясында биыл 50 мыңнан аса азамат еңбекпен қамтылған. Сондай-ақ Ұлттық жобалар арқылы 4 жарым мың жас кәсіпкерге жылдық 2,5 пайыздық мөлшерлемемен несие берілсе, әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға 212 мемлекеттік қайтарымсыз грант беріліпті. Төлеу МҰҚТАР, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Оның ішінде атап өтетін болсаң 6 мыңнан аса адамды біз мынау белсенді жұмыспен қамту шараларымен қамтыдық. Ол мелекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары. Жастар практикас жобасы бар, қоғамдық жұмыстар, 1- інші жұмыс орны және де күміс жас жобасы, мына зейнетке жақындаған азаматтарды жұмысқа тұрғызуға бағытталған жобалар жүзеге асып жатыр». Сөйтіп Қарағанды елімізде жұмыссыздық деңгейі ең аз аймақтар қатарына енді. Оны арнайы сауалнамада тұрғындар да айтты. Тек баспана алуда жеңілдіктер жасалса деген тілектері бар. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - «Жастар қазір дамыған дей ойлаймын. Көптеген жастар әртүрлі іс – шараларға қатысады. Қазір көптеген нәрселер ашылған.Жақсы деп ойлаймын жағдайы барлығы». - «Ипотека мәселесі ғой.Ипотека мәселесіне первоначальный ақша сұрайды. 20,30,50 процент деп, сол проценттерді и годовой проценттерді кішкене азайтып қойса кішкен халыққа көмек болады».