Қарағанды облысында бірнеше шаһарда тариф заңсыз қымбаттаған

Қарағанды облысында бірнеше шаһарда тариф заңсыз қымбаттаған. «Сарантеплосервис» серіктестігі былтыр жылу тарифін Саран қаласы мен Ақтас кентінде бірден 17%-ке көтерген. Табиғи монополия субъектісі бюджеттен ақша жымқыру мақсатында көмірге берілген субсидияны көмір бағасын жалған қымбаттату арқылы алған. Ол үшін арнайы фирма құрып, қағаз жүзінде көмірді екі аса қымбатқа сатып алғанын көрсеткен. Сөйтіп мемлекетке 50 млн теңгеден астам шығын келтірген.Әбілқайыр БӨЛЕГЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Тергеу нәтижесінде жылу тарифі 17%-ке арзандады. 1 жыл бойы тұрғындардан заңсыз ақша алынып келген. «Сарантеплосервис» ЖШС көмірдің бағасын қымбаттатып көрсету арқылы субсидия алып, онымен қоса тарифті де көтерген. Барлық шығын бүгінде мемлекетке қайтарылды. Тұрғындар бұған дейін жылу сапасына үнемі шағымданып келді. Үйлерін жылыта алмаған соң электр қондырғыларын қосуға мәжбүр болған. Алайда құзыретті органның тексеруі болмаса, тарифтің заңсыз қымбаттап кеткенін көбі білмей қалған. Сәуле МӘКІШЕВА, САРАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 20 жылдан бері жылу өте нашар болды. Оның үстіне қымбат, электр энергиясына да көп төлейтінбіз. Биыл үй жылынды. А. Қуаш

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жамбылда анасы мен 2 жасар баласы көлікте өртеніп кетті
Қазақ боксшысы Азия чемпионатында Өзбекстан намысын қорғайтын болды
Отбасы банк ұлттық даму институтына айналады
Жұмысшы мамандықтары – қоғамның негізі
Семсерлесуден үшінші орын алды
Отбасы банк ұлттық даму институтына айналады
“Баян ой салып қойды“. Жазира Байырбекова тағы да бөпелі болғысы келе ме?
"Мектепте жарылғыш зат бар". ШҚО-да жалған хабарлама таратқан оқушы анықталды
Жанар-жағармай құны қымбаттай ма?
Алматы облысында браконьер ұсталды
Қар барысы мен Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсіп қалды
Әскери спортшылар 3 алтын олжалады
Абай облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Мұнай саласын дамыту маңызды
Еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел соғады
Петропавлда “синтетика“ таратқан күдіктілер ұсталды
Әнші Ерке Есмахан өзінің әшекей бұйымын сатылымға шығарды
Абай облысының оқушысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын жасап шығарды
«Халыққа әдейі жасап отыр»: Қоғам белсендісі шетелден көлік әкелу неге қиындап кеткенін айтты
Алматы облысында жасөспірімдер қылмысының алдын алу шаралары күшейтілуде
Алматылықтар жер сілкінісін сезді
Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?
“Қасқыр сияқты, түрлері қорқынышты“. Ақтөбе облысында қаңғыбас иттер өрістегі малды қырып кетті
Жамбылда анасы мен 2 жасар баласы көлікте өртеніп кетті