Қарағанды облысында ер адам 6 жыл бойы құлдықта болған

Қостанай тұрғыны Қарағанды облысындағы шаруа қожалығының қожайынының қолында алты жыл еңбек құлдығында болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.Александр Вдовиченко есімді ер адам алты жыл бұрын Қарағанды облысындағы Осакаров ауданының Молодежное ауылының жанындағы қыстаудан қашып кеткені туралы оқиғасын айтып берді. Оның айтуынша, шаруа қожалығының қожайыны оған бір маусым мал бағу жұмысын ұсынған. Александрдан құжаттарын алып, жалақы төлемеген. Жұмысқа ресми орналаспаған. Тіпті тек тамақ үшін жұмыс істеген. "Мен учаскелік полиция қызметкері сұрап қалған жағдайда керек болады деп құжаттарымды қайтаруын өтіндім. Бірақ қожайын құжаттар оның қолында қалса жақсы болатынын айтты", - деді ер адам. Александр қашып кете алмаған, себебі шаруа қожалығы иесінің туыстары оны алты жыл бақылап отырыпты. Алты жыл ішінде ер адамды үйлендіріп, жұбайы қыз туған. Жас жұбайларға туыстарын шақыруға рұқсат етілмегендіктен, той болмаған. Жәбірленушінің айтуынша, фермада оны ешкім ұрмаған, кейде бастықпен сөзге келіп қалған сәттер болып тұрған. Ер адам жаяу қашып үлгерген. Шамамен 60 шақырым жүріп өтіп, жол бойындағы кафеге тоқтаған. Тұрақ иесі оған шелпек пен ыстық шай беріп, бірнеше күн кафеде қалуды ұсынған. Бірақ көрші ауыл тұрғындары оны танып, қожалық иесіне айтып береді деп қорыққан Александр ұсыныстан бас тартқан. Александрдың әйелі мен қызы фермада қалған. "Мен кетіп бара жатқанда телефонды әйеліме қалдырдым. Телефон арқылы қандай да бір жолмен мені тауып алады деп қорқамын, сондықтан телефонды өзіммен бірге ұстай алмаймын", - деді ер адам. Қостанай облысының полиция департаменті база бойынша ер адам із-түзсіз жоғалып кеткен адам ретінде іздестірілмегенін хабарлады. "Егер өтініш түссе, шаралар қабылданады", - деді полиция баспасөз қызметінің өкілі. Маусымда БАҚ-та Қарағанды облысында болған ұқсас жағдай жарияланды. Екі ер адам Шет ауданында еңбек құлдығында ұсталып, мал бағу үшін ұрып-соғылған. Полиция Қылмыстық кодекстің 126 бабы "Заңсыз бас бостандығынан айыру" бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Бап он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Курьерлерге қойылатын талап күшейтілмек
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
ІІМ: 2024 жылы Қазақстанда рекордтық көлемде төлқұжат шығарылды
Өткен жылы елімізде төлқұжат рекордтық көлемде шығарылыпты
Алматыда 2025 жылы тағы 100 мектеп автобусы сатып алынады
Дархан Сатыбалды ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
2025 жылы мектепке дейінгі біліммен қамту 95%-ға жетеді
Қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
ІІМ: 2024 жылы Қазақстанда рекордтық көлемде төлқұжат шығарылды
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Әзербайжанда қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Әзербайжан билігі ұшақ апаты кезінде көмектескен қазақстандықтарды марапаттады
Шымкентте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыруға қатысты тергеу аяқталды
Қысқы Универсиадаға қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Рекордтық көрсеткіш: 2024 жылы Қазақстанда 1,5 млн адам төлқұжат жасатқан
Қазгидромет Алматы және тағы 9 қаланың тұрғындарына ескерту жасады
Курьерлерге қойылатын талап күшейтілмек
Дархан Сатыбалды лауазымды қызметке тағайындалды
Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары тағайындалды
Дархан Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды
Дархан Сатыбалды Президент Әкімшілігіне жаңа қызметке тағайындалды
Дархан Сатыбалды Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды