Қарағанды облысында газ баллонының жарылуы жиіледі

Қарағанды облысында газ баллонының жарылуы жиіледі. Соңғы екі айда осындай 6 оқиға орын алған. Төтенше жағдайларға газды немесе құрылғыны дұрыс пайдаланбау себеп болған. Салдарынан 4 адам қаза тапса, 7 адам күйіп қалған. Жиілеп кеткен апаттар жайлы Айжан Қуаш айтады. Газ баллоны алдымен Ботақара кентінде жарылып, салдарынан ерлі-зайыптылар мен өзбекстандық азамат қаза тапты. Теміртауда дүкенде газ қоспасының таралуынан тағы да апат болып сатушы ажал құшты. Одан кейін Қарағандыда жеке секторларда бірінен соң бірі екі төтенше жағдай тіркелді. Оқиғалардың нақты себебі анықталып жатыр. Дегенмен төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, апаттар қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамаудан болған. Аманбек БЕЙСЕМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл газ баллондарын толтыру кезінде арнайы жасақталған станцияларда толтырылмайды. Мынау қала аудандарда орналасқан автокөліктерге газ құю станцияларында толтырылады. Бұл жерлер арнайы жабдықталмаған. Мына үйде де сонау 1970 жылғы газ баллоны жарылды. Салдарынан қожайыны мен көршісінің баласы күйіп қалған. Қазір ауруханада жатыр. Қабырғалас екі үй қираған. Жеке секторға табиғи газ тартылмаған. Тұрғындар токты үнемдеу үшін баллонды ғана емес газ пештерін де қолдануға мәжбүрміз,- дейді. Наталья ОСТРОВСКАЯ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Күн суық, кім неге шамасы келеді сонымен жылынады. Жылытқыш, газ қосады. Біз пеш жағамыз. Тамақты газға пісіремін.Өзім қосуға қорқамын, сондықтан тапсырыс беріп әкелтіп аламын. Қарағандыда үйлерге табиғи газ толық жете қойған жоқ. Алдағы екі жылда Таугүл, күнгей аудандарын қамту жоспары бар. Ал қалған аудандарға әлі қаржы да бөлінбеген. Бүгінде қалада 6 мыңға жуық үйге ғана табиғи газ тартылған. 293- і газгольдерлермен жылынады. Сондай- ақ 805 көпқабатты үй орталық газға қосылған. Қондырғылардың қауіпсіздігін тұрғын үй инспекциясы бақылайды. Жергілікті әкімдікке қарайтын мекеменің тікелей пәтерлерге кіріп баллондарын тексеруге заңды құқы жоқ. Сондықтан тек шағым түскен жағдайда ғана қарай аламыз,- дейді. Тамерлан ӘБІЛҚАСЫМОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Осы жылы мобильді топ 17 рет пәтерлерді аралап, алдын алу шараларын өткіздік. Тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, ескерттік. БАҚ , әлеуметтік желілер арқылы ақпараттар таратылды. Егер кімде кім 2 қабаттан жоғарғы үйлерде газ баллондарын пайдалану фактілерін көрсе, дереу бізге хабарласып арыз жазумен қатар фото, видеолармен дәлелдеуі тиіс. Сонда ғана тексере аламыз. Қазіргі таңда биыл болған төтенше жағдайларға қатысты тергеу аяқталған жоқ. Ал былтыр осындай 75 оқиға тіркеліпті. Олардың барлығы қауіпсіздіктің сақталмауынан орын алған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Елордада қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі
Жазушы Мұхтар Мағауиннің жаназасы мен жерлеу рәсімі АҚШ-та өтеді
Энергиялық тиімділік саласындағы ынтымақтастық: Қазақстандағы Dena өкілдерімен кездесу өтті
"37 пайызға дейін су үнемдеу": Министрлік мажарлық препарат сынағын жариялады
Қазақстан құрамасы саблямен семсерлесуден Тунисте өтетін Гран-при кезеңіне қатысады
Батыс Қазақстан облысында бірнеше жол жабылды
БҚО-да құтқарушылар іздестіру-құтқару операциясын сәтті өткізді
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Мұрат Нұртілеу Мажарстан сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті