Қарағанды облысында халық мал жаятын жайылым таппай отыр

Қарағанды облысында халық мал жаятын жайылым таппай отыр

«Қыста қорада, жазда қайда барады?» Төрт түлікке жайылымдық жер таппаған Қарағанды облысы Абай ауданына қарасты Ақбастау ауылының тұрғындары осылай деп отыр. Ауыл маңындағы жерлерді сырттан келген шаруа қожалықтар алып алған. Тіпті шағын кәсіпкерлердің өзі байқауға қатысса да бір телім жердің өзін ұта алмаған. Шаруалар елдімекеннің жері өзгелерге әділетсіз беріліп жатыр дейді. Мәселенің мән-жайын Айжан Қуаш анықтап көрді.Ауыл тұрғыны Бекзат Орынбасаровтың 40 бас ірі қара, 30 бас қойы бар. Кәсібін ұлғайтқысы келеді. Бірақ мал жаятын жері жоқ. Өткен жылдың соңында бір телім жер ұтып алсам деген үмітпен байқауға қатысты, бірақ бұйырмады. Бекзат ОРЫНБАСАРОВ, КӘСІПКЕР: Жерді бір адамға бергілері келді мінеки Кенжебеков Болат дегенге солай шешіп отыр ғой. Кенжебеков Болат үш жерді бірдей қалай ұтып әкетіп отыр мысалы. Өзі мал ұстамайды управляющий секілді болып тіркеліп тұр. Біреулердің малдарын өтірік әкеп үкімет тексереді ғой мысалы жерді сұрасаң пәленбай малың болу керек деп сол кезде ұсталынған ол оны акимат бәрі біліп отыр. Ақбастауда жайылымы жоқ шағын кәсіпкер көп. Айтуларынша, байқауда көрсететін инвестиция көлемі жетпей қалады. Ауылдың нақты тұрғынының жоспары емес, сырттан келген фермерлердің құжаттағы цифрлары сөйлейді,- дейді. Фархат БАЙҚАТОВ, КӘСІПКЕР: Біз алдымызда тұрған 5 сиырды 10 сиырға жеткіземіз деп айтамыз. Болмаса 20 сиырды үкіметтен берілген 2 жарым процентке кредит алып бір 20 сиыр қосамыз дейміз, одан басқа шарықтайтын шамамыз жоқ. Осыны үкімет басындағылар қарапайым халықты конкурсқа бөлек түсірсе екен. Жайылым кәсіпкерлер тұрмақ ауылдың қарапайым тұрғынына жетпейді. Ақбастауда жердің көбі «Сарыарқа» мал шаруашылығы кәсіпорнына берілген. Егін егіп, бордақылау цехын ашам деген олар жылдар бойы жерді иемденгені болмаса пайдаланбаған. Аспандияр СЕЙСЕНОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ЖЕТЕКШІСІ: Қарашөкеевтің сөзін білесіз ғой министрдің парламентте есеп бергенде 5 мың 200 гектар жерді қайтардық дейді, ол қайтарған жерлері шөлейт жерлер. Анау Ақтоғайдың Сарышағаны, анау Жорғаға дейінгі жерлер. Қарқаралының айрық дейді ар жағы полигон, Крчатов дейді әлгі. Бір кезде кадастровый нөмірі кірген шығар. Ондай жерлерге кім барады? Орынтай ШАХАБАЕВА, АҚБАСТАУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 80% иногородныйлар біздің жерлерімізді алып алған. Малдары жоқ. Ал біз ауылдың кісілері бізге тау астына айда дейді за сопкой 20 км , мен қалай барам 20 км? Ауылдықтар сусыз жерге малды қалай жаямыз деп жүр. Ал ауыл әкімі Ақбастауда жайылым жер жеткілікті екенін жеткізді. Тіпті елді мекен мал басына шаққанда 130 пайыз жермен қамтылған деп отыр. Рымбек ТҰЯҚБАЕВ, АБАЙ АУДАНЫ АҚБАСТАУ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: Жайылымды жерде малға сауаратын суат жоқ, міне айтып тұрған жер. Алыстау дегенмен енді бір 10-15 шақырым, ол жерге бағуға да болады айдап апарып. Жыл соңында алақандай жер ала алмаған шағын кәсіпкерлер прокуратураға шағымданды. Ал байқаудың басы қасында болған ауыл әкімі заңды өтті дейді. Рымбек ТҰЯҚБАЕВ, АБАЙ АУДАНЫ АҚБАСТАУ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: Сол 12 адамның барлығы осы ауылға қарасты шаруа қожалығы, қосалқы шаруа қожалығын ұстайтын азаматтар мен азаматшалар қатысты жер алуға ниет білдірген. Жаңағы айтып жүрген Орынбасаров Бекзат деген азамат ол осы учаскеге түсті. Бірақ ол учаскеге ойнатылған жоқ. Неге десеңіз екіден кем қатысушы болса конкурс ойнатылмайды. Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ: Біз байқауды өткізген жер комиссиясының шешімі қаншалықты заңды екенін білу мақсатында жер ресурстарын басқару департаментіне сауал жолдаған болатынбыз. Мекеме басшылары байқауға қатысушы шағын кәсіпкерлерге сотқа шағымдануға кеңес берді. Мұнымен қоса олар жемқорлыққа қарсы күрес мекемесіне де арыздана алады. Содан кейін ғана әр телімнің кімге қандай негізде берілгенін тексеруге болады екен. А. Қуаш

Читать источник astanatv.kz/kz/
«12 мың АҚШ доллар берген»: Жәнібекті шетелге сатып жібергендер ақыры әшкереленді
«12 мың АҚШ доллар берген»: Жәнібекті шетелге сатып жібергендер ақыры әшкереленді
  • sn.kz
Ресейлік журналист: «Зенит» Нұралының құнын түсірмейді деген сенімдемін»
Ресейлік журналист: «Зенит» Нұралының құнын түсірмейді деген сенімдемін»
  • sport12.kz
Тұман түседі: 12 қаңтарда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ҚБТУ ғимаратындағы өрт кезінде Мемлекеттік Ту сақталды
Алматы әкімдігі ҚБТУ ғимаратындағы өртті жою үшін ТЖ қызметтеріне қажетті көмекті көрсетеді
Қазақстан-Британ техникалық университеті өртеніп жатыр
«12 мың АҚШ доллар берген»: Жәнібекті шетелге сатып жібергендер ақыры әшкереленді
Павлодар облысы: Ақсуда май өндіру зауыты салынады
Алаяқ-хамелеондар: олар өздерін кім деп таныстырады?
Елорда әкімі қоғамдық көліктің жұмысы туралы айтты
Қарызын қайтармағаны үшін атқан: Шымкентте 52 жастағы ер адам ұсталды
«Өте қылықты»: Әсел Сағатованың видеосы желіде қызу талқына түсті
Қазақ күресінен «Дала қырандары» турнирінің жеңімпаздары анықталды
«Тағдырлы, ән жырлы Мақпал»: Мейрамбек Бесбаев Мақпал Жүнісова өлең арнады
ҚБТУ-дағы өрт сөндірілді: ТЖМ мәлімдеме жасады
Атырауда дәмхана маңында төбелес шыққан: зардап шеккендер бар
«Бақытты отбасы»: Ерке Есмахан Италияда жүрген видеосын жариялады
ҚБТУ ғимаратындағы өрт оқшауланды
ҚБТУ-дағы өрт сөндірілді: оқиға орнынан суреттер
Тұман түседі: 12 қаңтарда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Астана әкімі қоғамдық көліктің жұмысы туралы айтты
Алматыдағы ҚБТУ ғимаратынан өрт шықты
ҚБТУ-дағы өрт бойынша жедел штаб құрылды
«Ниеттен басталады»: Ерке Есмахан шетелге шығудың құпия жолын айтты