Қарағанды облысында мектеп асханасы мен спортзал ғимараты қатты желге төтеп бере алмай құлап қалды. Оқиға Шет ауданының Ағадыр кентінде болған.Бұл видеоны ата-аналар түсіріп алған. Абырой болғанда, оқушылар үшін салынған асхана мен спорт зал құрылысы пайдалануға әлі берілмеген көрінеді. Ешкім зардап шеккен жоқ. Бұған дейін қоғам белсенділері Әлімхан Ермеков атындағы мектеп жанындағы қауіпті нысан мәселесін бірнеше рет көтерген болатын. Құрылысты салған компания жұмысты дер кезінде аяқтай алмаған, әрі сапасы сын көтермеген. Сондықтан құрылыс басқармасындағылар мердігерді сотқа беріпті. Қазір келісімшарт бұзылып, іс сотта қаралып жатқанын мәлімдеді. Мұрат МАҒЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Құлаған кірпіштер бұл облицовочный кірпіш дейді ғой, сыртықапталған кірпіштер. Ол енді ішкі кірпіші болмағаннан кейін желден ба құлап кетті. Бүгінгі күні біз жылдың басында мердігермен келісімшартты бұзып қазіргі күні жаңа мердігер анықталды. Келесі демалыстан бастап басқа құрылыс жұмыстарын бастаймыз.