Қарағанды облысында “Жер аманаты” жобасының аясында 1 млн гектардан астам жер ел игілігіне берілген

Қарағанды облысында “Жер аманаты” жобасының аясында соңғы екі жылда 1 млн гектар жер ел игілігіне берілген. Халыққа қайтарылған алқаптар енді қурап бос жатпайды. Мал өсіруге несие алып, өз ауылдарын көркейтемін деген жас кәсіпкерлерге берілуде. Шаруалар көктемнен бастап егін егіп, шабындыққа айналдырмақшы.Мұхтар Кәденов - Шет ауданына қарасты Өспен ауылының тұрғыны. Туған жерінде мал өсіріп, өз өлкесін көркейтемін деген ниетпен “Бекарыс” шаруа қожалығын ашқан. Бүгінде 100-ден астам жылқы, сиыр мен қойы бар. Жылдар бойы шаруасын кеңейтуге жер таршылық еткен еді. Өткен жылы 20 гектар жерге ие болғалы болашаққа сенімі арта түскен. Енді ол алқапты шабындыққа айналдырмақшы. Мұхтар КӘДЕНОВ, КӘСІПКЕР:“Шабындық жерім жоқ еді, соған аудандық “Amanat” партиясының филиалына барып көріп едім ондағы жігіттер маған жер алу жолын көрсетіп содан мен жер алдым. Мен сияқты ала алмай жүрген жігіттер қазір көп ауылда. Малы бар, жері жоқ адамдар көп. Жері бар адамдар көшіп кеткен. Жерлері атында тұр, өздері жоқ. Соларды қайтарып біз сияөты адамдарға берсе екен деп ойлаймын”. Ауыл кәсіпкеріне мүмкіндік берген - “Жер аманаты” жобасы. Бағдарлама 2022 жылы пилоттық жоба ретінде Қарағанды облысының Нұра ауданынан басталған еді. Нәтижесінде 2 жылда 1 млн гектардан астам жер ел игілігіне берілді. "Жер аманаты” Ақтоғай, Шет аудандарында сәтті орындалды. Бауыржан БАДАНОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ШЕТ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:“Былтырғы жылы комиссия отырысының қорытындысы бойынша 3 азамат жерді алған болатын. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірлесіп былтырғы жылы Шет ауданы бойынша 116 мың гектар жер қайтарылған болатын” Ал биыл 500 мың гектардан астам жер қайтарылған. Бүгінде өздері пайдаланбауымен қоймай өзгелерге беруге қимай отырғандар да бар. Әсіресе Бұқар жырау, Осакаров аудандарында ондай аумақтар көп. Нұрсұлтан ШӘМЕНОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ САЯСИ ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:“Сот арқылы” арқылы қайтарылған және жер пайдаланушылар өз еркімен қайтарылған жерлер де бар. Жалпы бұл ел игілігіне өте жақсы жоба деп айтсам болады. Талай жылдар жерді алып алып пайдалана алмай тек қана ие болып отырған қаншама отандастарымыз бар, сол отандастарымыздан жерді алып шынайы шаруамен айналысатын шынайы пайдаланатын адамдарға беріліп отыр”. Бос жатқан жерлерді әсіресе ауылда шағын несие алып, мал басын көбейтуге ниетті жас шаруалар мен қорадағы төрт түлігін жаюға жайылым таппай жүрген халыққа беру - басты мақсат. Ол үшін әлі жүздеген гектарды қайтарып алу қажет.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтауда «МАЭК» ЖШС қарасты су каналын тереңдету жұмыстары жүргізілуде
ТЖМ жыл басынан бері газбен жабдықтау объектілеріне 40 тексеру жүргізілді
«Астана» жеңісті уысынан жіберіп алды
Ұлттық театр «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсына шақырады
Қарағандыда көктемгі су тасқынына алдын ала дайындық басталды
Астанада алғаш рет сәбилерге бауыр ауыстыру отасы жасалды
Вокзал маңынан көрген: Павлодар облысында ер адам жоғалып кетті
Майдандағы жеңіс тылдағы ерен еңбекпен жақындады
ТЖМ жыл басынан бері газбен жабдықтау объектілеріне 40 тексеру жүргізілді
«Ол – жүрегім сүйер соңғы адам»: әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жазбасымен оқырманды ойландырып қойды
Ақтауда «МАЭК» ЖШС қарасты су каналын тереңдету жұмыстары жүргізілуде
Алматыда ескі шамдарды жаңасына жаппай ауыстыру жүріп жатыр
Алматы облысында жер үйде газ жарылып, екі адам жарақат алды
Қаламыздың болашағы инвесторлардың талабынан маңызды
Орынсыз қызғана берме: Ғаділбек Жанай келіншегін жұрттың көзінше жылатып қойды
Жаңаөзенде 33 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсады
Футзал: “Қайрат“ Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне бір табан жақын қалды
Жетісуда пробация есебіндегі азамат жеке кәсіп ашты
Курчатов қаласында үйде қамалып қалған баланы құтқарушылар сыртқа шығарды
«Парасат майданы» спектаклі көрермен назарына ұсынылады
Алматының Түрксіб ауданындағы бос жердің орнына жаңа заманауи жаяу жүргіншілер аймағы ашылды
Құжатым жоқ, мектепке бармаймын: Әлеуметтік желіде ауыр жұмыс істеп жүрген баланың бейнежазбасы тарады
Жаңаөзенде 33 жастағы ер адам жұрттың көзінше өз-өзіне қол жұмсады
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық қозғалысы қайта жанданды