Қарағанды облысында жоғалып кеткен ер адамның мәйіті ауылдастарының үйінің ауласынан табылды.Полицейлерге Осакаровка ауылының тұрғыны арызданып, азаматтық некедегі жарын табуға көмектесуін өтінген. Оның айтуынша, 24 қазанда ер адам үйден шығып кетіп, сол күйі оралмаған. "6 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ауыл тұрғынын анықтады, тұрғынның үйінің қосалқы құрылыстарын тексеру кезінде ер адамның мәйіті табылды", – деді облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жақында Алматы облысында полицейдің мәйіті табылғанын хабарлаған едік.