«Алматы-Екатеринбург» тас жолында Қарағанды қаласына 20 шақырым жетпей «Тайота» және «Ниссан» көліктері соқтығысып 6 адам қайтыс болды,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. Қос автокөліктің жүргізушілері және 4 жолаушы алған ауыр жарақаттан оқиға орнында көз жұмған.Сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған екі бала ауруханаға жеткізілді.Жантүршігерлік жол апаты полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар жасалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.