Қарағанды облысында осал топтағы әйелдер 8 наурызға орай төлемдер мен азық-түлік себеттерін алады

Халықаралық әйелдер күніне қарастырылған қолдау шараларымен халықтың әлеуметтік осал топтарынан жалпы сомасы 17 млн теңгеге 6 573 әйел қамтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Приозерск пен Ақтоғай ауданындағы жергілікті бюджет қаражатынан балалары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына баратын көп балалы аналарға материалдық көмек беріледі. Ал, Саранда оны ең төменгі зейнетақымен лайықты демалыста жүрген әйелдер алады. Бюджеттен тыс көздерден басқа қалалар мен аудандардың тұрғындарын да мерекемен құттықтау жүзеге асырылады. Мәселен, азық-түлік жиынтықтары келесі санаттағыларға тиесілі: - Қарағандыда зейнеткерлер мен мүгедектігі бар әйелдерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері қызмет көрсететіндерге; - Балқаш және Саран қалаларында мүгедектігі бар тұрғындарға; - Бұқар жырау ауданында әлеуметтік осал отбасыларға; - Ақтоғай ауданында зейнеткерлерге, мүгедек әйелдерге, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға; - Шахтинск қаласында мүгедек тұрғындар, зейнеткерлер, аз қамтылған отбасыларға; - Приозерск қаласында жалғыз басты зейнеткерлерге; - Абайда тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға. «Сонымен қатар, Қарағанды, Приозерск, сондай-ақ Ақтоғай, Бұқар жырау және Осакаров аудандарында қайырымдылық акциялары жоспарланған. Мерекелік түскі асқа мүгедек әйелдер, зейнеткерлер, сондай-ақ тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларындағы әйелдер шақырылады. Бұқар жырау және Нұра аудандарында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан әйелдерге көмір сатып алуға көмек беріледі», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
Embraer компаниясы Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін мәлімдеме жасады
Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне цифрлық рейтинг пен детекторлық тексерістер енгізіледі
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Euronews: Ақтау маңындағы ұшақ апатына зымыран себеп болды
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры сотталды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін