Қарағанды облысының Ақтоғай ауданына қарасты Қошқар ауылында ірі қарадан бруцеллез анықталды.«Ірі қара малдан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Ақтоғай ауданы Қусақ ауылдық округі Қошқар ауылының аулаларына шектеу іс-шаралары белгіленсін», - делінген Қусақ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Н.Рақымжанова қол қойған шешімде. Құжатта көрсетілгендей, бруцеллезге байланысты мына мекенжайлар бойынша шектеу қойылды: - Сарыарқа көшесі, 1 үй; - Жеңіс көшесі, 32 үй; - Бейбітшілік көшесі, 11/2 үй; - Бейбітшілік көшесі, 5 үй; - Наурыз көшесі, 7 үй; - Мәдениет көшесі, 12 үй; - Наурыз көшесі, 20 үй; - Жеңіс көшесі, 4 үй. «Ветеринариялық-санитариялық сауықтыру және шектеу іс-шараларыҚазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілсін», - делінген құжатта. Шешім 21 шілдеден бастап күшіне енді.