Қарағанды облысында 15 жастағы қыз сыныптастарымен демалып жүрген кезінде суға батып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Қайғылы оқиға 3 маусымда Нұра ауданында болды. Оқушы қыз құрдастарымен бірге жорыққа шыққан. Балалар Нұра өзенінің жағасында демалып жүрген."ТЖД кезекшісінің пультіне 15 жастағы оқушы Егінді ауылынан үш шақырым жерде сыныпта демалып жүргенде суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Сағат 13:25-те оқиға орнына бір жүзу құралы мен бір техникасы бар үш құтқарушы шықты. Бөлімшеден орынға дейінгі қашықтық шамамен 240 шақырым", - дейді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.