Қарағанды облысының Шет ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды.Мұндай шешімді аудан әкімі Мұхит Мұхтаров қабылдаған. Тиісті құжат НҚА порталында жарияланды.Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Ақсу-Аюлы ауылдық округі және Ақшатау кентінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Шет ауданы әкімінің орынбасары Карсембаев Даурен Құралұлы тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын, - делінген құжатта.Шет ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі төтенше жағдайдың енгізілуін жақында болған күшті қарлы боранмен байланыстырып, екпіні секундына 30 метрге жететін жел соққанын айтты.10 қаңтарда қатты жел Ақшатау ауылындағы Уәлиханов атындағы мектептің (200 шаршы метр) және Ақсу-Аюлы ауылындағы Шет агротехникалық колледжінің (24 шаршы метр, апатты жағдайда 300 шаршы метр) шатырын жұлып әкетті. Осы себепті Ақшатау ауылы аумақтары мен Ақсу-Аюлы ауылдық округінде төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлады баспасөз қызметі.Әкімнің қаулысы нысандардың шатырын қалпына келтіру үшін Қарағанды облысының білім басқармасына жіберілді.