Қарағанды облысында зорлық көрген 15 жастағы қыздың туыстары күдіктінің қатаң жазалануын сұрайды

Қарағанды облысының Теміртау қаласында зорлық көрген 15 жастағы оқушы қыздың туыстары күдіктінің қатаң жазалануын сұрайды. Жасөспірімді құрбысының 50 жастағы өгей әкесі зорлаған. Бірақ, істің тым баяу жүріп жатқанына олар наразы. Оқиға шілденің 31- і күні болған. 15 жастағы Марияны кешқұрым кәмелетке толмаған даяшы құрбысы Теміртаудағы дәмханаға шақырып алады. Бұл кезде кафеде құрбысының өгей әкесі отырған. Қыздар еш күдіксіз жүрген. Кеш бата ер адам «тамақ ақысын төлейтін ақшам үйде қалыпты, мен сенен беріп жіберейін»,- деп Марияны алдап үйіне ертіп апарып, сол жерде зәбір көрсеткен. Мария, ЖӘБІРЛЕНУШІ: Таныс адам болған соң сендім. Оның үстіне қандай жақсы адам екенін айтып отырды. Такси шақырып бердім, екеуміз үйге келгенде подьезде тоса тұрайын деп едім, ақшаны іздеу керек пәтерге кіріп тос деді, кірген соң сыра ішіп алайын қазір берем деді. Мен креслода тосып отырдым. Кенет шап беріп, басымнан екі- үш рет ұрып қолымды қысып алды. Менің шамам жетпеді, арам ойын жүзеге асырды, ал мен пәтерден қашып шықтым. Мария дереу ағасына хабарласып, полиция бөлімшесінде арыз жазған. Қаршадай қызды қорлаған -Шымкент қаласының тұрғыны. Педофил қашып бара жатқан жерінде ұсталған. Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: «Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 120- сыншы бабы, 3- інші тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Күдіктіге қатысты қамауға алу, бұлтартпау шарасы қабылданды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде». Қыздың туыстары күдікті жеңіл жазамен құтылып кете ме деп алаңдап отыр. Себебі түсініксіз жайттар боп жатыр дейді. Андрей, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АҒАСЫ: Қарындасыма ыңғайсыз сұрақтар қойды. Оны ауру қылып көрсеткісі келеді, психикалық ауруханаға жатқызды. 5 күн жатқанда психолог бір- ақ рет келген. Анам екеуміз кездесуге барғанда мамандары ондағы балаларды, қарындасымды итеріп,жұлғылап жатқанын өз көзімізбен көрдік. Ал облыстық балалар психикалық денсаулық орталығы оқушының сот- психиатриялық сараптама комиссиясының ұсынысымен жатқанын хабарлады. Алайда кейін анасы үйіне алып кеткен. Нәтижесінде психикалық емді қажет етпейді, жергілікті емханада психологқа барсын деген анықтама беріліпті. Облыстық прокуратураның мәліметінше, анайы сұрақтардың қойылуы заң бұзушылыққа жатпайды, әрі күдіктінің жазасын жеңілдетпейді. Назгүл Қошанова:Мұндай тәжірибе зорлауға қатысты істерде жәбірленушілердің кейбіріне қолданылады. Бұл жағдайда сарапшылар сондай ұсыныс жасады. Біз жәбірленушіден қандай бір диагноз іздеп отырған жоқпыз. Оның психикалық жағдайы қандай соны білуіміз керек. Бұл қорытындысыз істі сотқа бере алмаймыз. Теміртау қалалық прокуратурасының процессуалдық прокурорыЖасөспірімнің туыстары қалай болғанда да күдіктінің қатаң жазалануын сұрап отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Кімдерге ет жеген дұрыс? Дәрігер жауап берді
Президент қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Алматыны қалың қар басты
Алматы халықаралық әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Бүгін Бахрейн Корольдігінің де Тәуелсіздік күні
Алматыны қалың қар басты
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды
Қазақстан әлемдегі үздік ондыққа кірді
Желтоқсан – Тәуелсіздігіміздің ұлы рухы
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай гүл қою рәсімі өтті
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды құндылық
Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін ерекше дата
Тәуелсіздік – бейбітшілік пен бірліктің бастауы!
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның тағы бір өңірінде жолдар ашылды
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз