Қарағанды облысындағы шахтада болған апаттың себептерін арнайы комиссия тексереді

Қарағанды облысында 5 адамның өмірін қиған шахтадағы апатты тергеу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комиссия құрды.Комиссияны Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаев басқарады. Комиссияның құрамына Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин, ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Арман Абылқасымов, Қарағанды облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Саяш Ахметов, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қанат Абзалиев, Қарағанды облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Төлеу Мұхтар және басқалар кірді. 2023 жылдың 17 тамызында сағат 10:05-те Қарағанды облысы Шахтинск қаласында, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында Д6 көмір еңісін (горизонт – 170 м) қазу кезінде конвейер лентасы жанып, апатты жою жоспары енгізілді. Шахтада барлығы 227 адам болды, 17 тамызда 222 жұмыскер жер бетіне шығарылды. Құтқару операциясының қорытындысы бойынша 17-19 тамыз аралығында 5 адамның денесі табылды:  Слюньков Виталий Владимирович 05.03.1965 жылы туған, 17.08.2023ж.;  Бургун Виктор Сергеевич 12.09.1966 жылы туған, 18.08.2023ж.;  Стешин Денис Геннадьевич 13.08.1978 жылы туған, 18.08.2023 ж.;  Халиков Артур Ринатович, 1994 жылы туған, 19.08.2023 ж.;  Старовойт Илья Александрович, 1996 жылы туған, 19.08.2023ж. табылды. Ауруханада 11 адам емделіп жатыр. Апаттық шахтадағы өрт салдарын толық жою бойынша жұмыстар жалғасуда. Қаза тапқандардың отбасыларына тиісті көмек көрсету мәселелері бақылауға алынды. Еске сала кетейік, Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында 17 тамыз күні өрт шыққан еді. Апат кезінде шахтада 227 қызметкер болған. Апатты жою жоспарын дереу енгізу арқылы 222 адам жерге көтерілді. Өкінішке қарай, жер астында қалып қойған 5 кенші қаза тапты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шерзат Болаттың өлімі: Алматы облысының әкімі қазақстандықтарға үндеу жасады: 13 желтоқсан 2024, 14:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қызылордада 16 жастағы қызды сексуалдық құлдықта ұстаған жігітке сот үкімі шықты
TAVI тәсілі: Алматыда қолқа клапаны имплантацияланды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Астаналық ер адам құлыпталмаған көлікті ұрлап, бағанаға соғылды
Нью-Йорктің бірнеше округінде төтенше жағдай жарияланды
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті Түрікменстанның тұрақты бейтараптығына 29 жыл толуымен құттықтады
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Тоқаев Түркіменстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Түркістан облысында "Жайлы мектеп" жобасы аясында тағы бір мектеп ашылды
Алматыда контрафактілік пиротехниканың 150-ге жуық қорабы тәркіленді
Қарағанды ​​облысында өзеннен бала өлі табылды