Азаматтық авиация комитеті Қарағанды облысында ұшақ апатынан қаза болғандардың аты-жөнін жариялап, атқарылып жатқан шұғыл шаралар жөнінде мәлім етті.Әуе апатынан қаза тапқандар: 1097 сағат ұшу тәжірибесі бар әуе кемесінің командирі (ұшқыш-нұсқаушы), Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты. Мәлім етілгендей, пилоттың 2019 жылдың 28 қарашасында берілген №000012 CPL (A) сертификаты бар. Нұсқаушы пилоттың арнайы белгісі «КАМА» заңды тұлғалар бірлестігіне енгізілген және ол 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін жарамды. «Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның Авиация әкімшілігі әуе апатында қаза болған азаматтардың жақындары мен туыстарына көңіл айтады. Қазақстанның Авиация әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду P2002-JF-пен болған апатқа байланысты Операциялық орталықтың шұғыл отырысын өткізді. Операциялық орталық Қазақстанның авиация әкімшілігінің авариялық жоспарын іске асыра бастады, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды және тергеу жүргізу үшін құжаттар дайындалды», - делінген хабарламада.