Қарағанды облысының 9 ауылында ірі қарадан бруцеллез анықталды

Қарағанды облысының 9 ауылында ірі қарадан бруцеллез анықталды. Шет, Қарқаралы, Нұра, Абай және Осакаров аудандарында санитарлық шектеу жарияланып, елдімекендер арасында мал тасымалдауға тыйым салынды. Бүгінге дейін 18 сиырдан дерт расталып, олардың барлығы сойылған. Зарарсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, ауырған мал еті қайта өңделуге жіберіледі. Тұрғындарға келтірілген шығынның 30 пайызы мемлекет есебінен өтеледі. Қалған 70 пайызын ет өнімдерін өңдеушілер қайтарады. Бруцеллез малдан адамға жұғуы мүмкін. Сондықтан дәрігерлер ауру мал қожайындарының денсаулығын да тексереді. Алайда әзір тұрғындар арасында ондай жағдай анықталған жоқ. Дегенмен ветеринарлар тұрғындарға ет және сүт өнімдерін жоғары температурада мұқият қайнатып тұтынуға кеңес береді. Ержан БЕКЕТБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:15-20 күн сайын қан алынып жаңағы оң нәтиже көрсеткен малдар санитарлық союға жіберіліп, етін қайта өңдеуге жіберіледі ережеге сәйкес. Жаңағы 15-20 күн сайын шыққан ауруларды дезинфекция жүргізіледі. Бұның бәрі республикалық бюджет есебінен, алаңдауға ешқандай не жоқ. Ол жылдық жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатқан, сол жоспарлы жұмыстармен лабораториялық әдістермен ПТР әдісімен анықталып отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Аяз, көктайғақ: Астана мен 13 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан біріншілігінде Назым Қызайбай финалға шықты
Алматының бірнеше ауданы жылусыз отыр
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды