Ал Қарағанды облысының Ақтас ауылында жылу мәселесі шешілді. Елдімекенге бірден үш заманауи қазандық орнатылды. Олардың күші 30-дан астам көпқабатты үй мен әлеуметтік нысандарды жылытуға артығымен жетеді. Қосымша тағы бір жылыту пеші бар. Жергілікті әкімдік жақын арада көмір сатып алмақшы. Тұрғындар «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауына қазандықты жаңартуды, аулаларды абаттандыруды сұрап барған еді. Депутаттар халықтың ұсынысын қолдап өткен жылы 10, ал биыл 5 алаң жөнделді. Бауыржан АҚАНОВ, АҚТАС АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: “Қыстың жақындауына байланысты қазандықтарды дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Арықарай жұмыстар жалғасып жатыр. Қыста ақаусыз өтеді деген ойдамыз”. Қылышбек МҰХАМЕДЖАНОВ, АҚТАС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: “Енді отопление беретін шығар тақауда. Биыл ертерек беретін шығар. Өйткені қазір үй суық. Үйлер, квартиралар кішкене суықтау. Биыл жылы болады деп ойлаймыз”.