Қарағанды облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен атқарылған кешенді іс-шаралардың нәтижесінде облыс мектептерінде оқушыларды атамын деп хабарлама таратқан Телеграмм-арнасының әкімшісі әрі авторын ұстады. Белгілі болғандай, 13 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны әлеуметтік желіден терроризм тақырыбындағы ақпаратты көріп, «Очищение Караганды» деген атаумен өзінің телеграмм-арнасын құрған. Осыдан соң ұсталған азамат облыс төңірегіндегі мектептерде терроризм актісінің дайындалуы туралы ақпарат таратқан. Қазіргі уақытта телеграмм-арнасы өшірілді. Полиция қызметкерлерімен бұл қылмысқа шетелде жүрген адамдардың қатыстылығы тексерілуде. Полиция органдары шұғыл қызметтердің шығыны үшін залалды өтеу бойынша сотқа талап-арыз беріледі. Баланың ата-анасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.Тергеу әрекеттері жүргізілуде.