Қарағанды іргесінен тау болып үйілген тауық қалдықтары табылды. Экологтар мен полиция қанаттылардың іш-құрылысы мен сүйек-саяғын тастағандарды іздеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. Далада саңырауқұлақ теріп жүргендер оны видеоға түсіріп алған. Тау болып үйілген сүйек-саяқ Қарағанды мен Үштөбе ауылының ортасында ағаштардың арасынан табылды.Заңсыз қоқыс төгілген жерге жақын маңда ірі құс фабрикасы орналасқан. Қалдықтарға олардың қатысы бар-жоғын полиция анықтайды. Экология басқармасы кәнілілер анықталса, айыппұл арқалап, бүлдірген жерді тазалауға міндеттеледі дейді."Департамент қалдықтарды жою мақсатында құзырлы органдарға хат жіберді. Тәртіп бұзушыларды анықтау мақсатында полиция департаментіне де хат жолданды. Қосымша ақпарат тағы да қосымша жіберіледі", - дейді Қарағанды облысы экология басқармасы бастығының орныбасары Айман Құлтаева.