Қарағанды тұрғындары шұрық-тесік жолдарды өздері жамауға кірісті. Жылдар бойы жөнделмеген асфальт жүруге мүлде жарамай қалған. Жол азабынан шаршаған жұрт осындай қадамға баруға мәжбүр екендерін айтады. ЖБИ аталатын шағын ауданның асфальтты ел тәуелсіздігін алғалы жөндеу көрмеген. Шарасыз жұрт шұрық тесіктерді қолда бар материалдармен жамап- жасқап отыр. Алайда жазда шаң ұшып, көктем мен күзде езіліп қайта тесіледі, - дейді.Станислав ЧУМАК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Өз қаржымызбен жамауға тырысып жатырмыз.Тас, кірпіш, ескі асфальт дейсіз бе не табамыз соны жолға төсейміз. Бұл жақсарғаны қайта. Көктемде шалшық суға айналады. Балалар мектепке әрең барып келеді. Бұл маңайға кім көрінген қоқыс төгеді. Жұрт оны бақылаудан шаршаған. Ақыры жол жиегі қоқыс үйіндісіне айналыпты. Ал жергілікті әкімдік жыл сайын құрғақ уәдемен құтылады,- дейді тұрғындар. Григорий БОДНАРЬ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІ КӨЛІК ЖОЛДАРЫ СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Расымен де Парковая көшесінің тұрғындарынан шағым түскен.Қазіргі таңда су құбырлары апатты жағдайда болғандықтан жолды жөндеу мүмкін емес. Ең алдымен құбырды ауыстырып, содан соң жол жөндеу керек. Алдымен су құбырының жобасын жасаймыз. Әзірге бір айдың ішінде жолға құм себіп қоямыз.