Бүгін, 6 қазанда Қарағандыдағы сауда орталықтарының бірінде 3 жасар баланың қолы эскалаторға қысылып қалды. Құтқарушылар көмекке келіп, баланың қолын босатып алған, деп хабарлайды kaz.nur.kzБасылымның жазуынша, Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушыларға қоңырау сағат 11.48-де келіп түскенін хабарлады. 2020 жылы туған баланың қолы эскалаторға қысылып қалғаны белгілі болды. "Оқиға Global City сауда-ойын-сауық орталығының бірінші қабатында болды. Құтқарушылар баланың қолын босату үшін тесетін құралды пайдаланып, оны құтқарып қалды. Зардап шеккен бала медициналық бригадаға тапсырылды", - деп хабарлады ведомстводан.