Қарағандыда бірнеше үйді су басты. Құбыр жарылған. Тұрғындар бүкіл дүние-мүлікке, тұрмыстық заттарға зақым келді деп отыр. Бірақ, енді оның шығынын кімнен сұрарын білмейді. Жалпы өңірде биыл су басу қаупі жоғары. 150-ге жуық елдімекенге тасқын қаупі төніп тұр. Сондай-ақ 100- ге жуық автомобиль жолын су басуы мүмкін. Себебі, алдағы күндері күн күрт жылынады дейді мамандар. Төтенше жағдай қызметі қандай қам жасауда? Айжан Қуаш айтады.Кейбір өзеннің суы арнасынан аса бастаған. Ең қауіпті Нұрада су көлемі қалыпты деңгейден 1 жарым есе көп дейді мамандар. Ақылбек АХМЕТЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Су тасқыны қаупі бар 149 елдімекен автомобиль жолдарының 99 су тасқыны қауіп бар учаскелері, 237 су шаруашылығы құрылыстары ерекше бақылауға алынды. Бұқар жырау ауданындағы Нұра және Соқыр өзендері арқылы өтетін көпірлерді қайта жаңарту және Нұра өзенінің арасындағы жағалаудынығайту, түбін тереңдету бойынша 4 іс шара іске асырылды. Былтыр көктемде қаланың оңтүстік шығысын су алған болатын. Тіпті бірнеше көпқабатты үйге су кірді. Ал биыл Қарағандыға су ерте келді. Қалада Жағалау көшесінде бірнеше үйді су басты. Тұрғындар таңертең оянғанда тізеден асқан суды көріп шошығандарын айтады. Үйлердің едені, тұрмыстық техникалар мен жиһаздары түгелдей бүлінген. Рашит ЕСЕНБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Осы арада 4 үйді су алып кетті. Үйдің ішіне су кіріп кетті полностью. Бәр жерге бардық, бәр мекемелерді өттік. Жағалау бойынша тұратын көршілер жиналып облыс әкіміне, қала әкіміне жаздық. Аким Караганды жазды ваше обращение переслано рукаводству Караганды су они прмут меры деп. Никаких мер не принято до сих пор осылай келе жатырмыз. Үйлерге кірген су құбырдан аққан болып шықты. Тозығы жеткен желі жарылып кеткен. Ольга ОСИПЧУК, «ҚАРАҒАНДЫ СУ» ЖШС ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ: Диаметрі 500 мм су құбырында апат орнады. Авариялық қалпына келтіру жұмыстары Михайловкадағы сумен жабдықтау цехының бригадасы жүргізуде. Авариялық жұмыстармен қатар 21А және 19Б үйлерінің аумағынан су сорылады. Тұрғындар дәл осы жағдай жыл сайын қайталанатынын айтып шағымдануда. «Қарағанды су» жапа шеккендер шығынды сот арқылы ғана өндіре алатынын жеткізді. Ал апатты құбырды жазда ауыстырмақ.