Қарағандыда 8 жасар бала полицияға педофилді ұстауға көмектесті

Қарағанды қаласында педофил деген күдікпен ер адам ұсталды. Көпқабатты үйлердің бірінің ауласында ойнап жүрген балаларға ішімдік ішкен адам келіп, «кім 10 мың теңге алғысы келеді?» деп сұрайды. Артынша шалбарын шешіп, оларды жыныстық қатынасқа шақырған. Шошып кеткен балдырғандар жан-жаққа қаша жөнеліпті. Олардың арасында 8 жасар Арлан анасына жүгіріп барып болған жайтты баяндайды. Мұны естіген Мадина Әбдірахманова дереу 10 жастағы үлкен баласын ертіп, күдіктінің ізіне түсіп, полиция шақырған.КУӘГЕР: Біз ойнап жүргенбіз. Бейтаныс ағай келіп «Кім 10 мың теңге алғысы келеді?» деді. Бір бала «мен» деп еді шалбарын түсіре салды. Біз қорқып қаша жөнелдік, ол біздің артымыздан қуды. Мадина ӘБДІРАХМАНОВА, КУӘГЕР: Балам жүгіріп келіп ер адам жайында айтты. Астмасы бар, қатты шошыпты. Мен үстімде не бар, сонымен көшеге жүгіріп шықтым. Үлкен ұлым мен басқа балаларды ертіп алып ер адамды іздей бастадық. 1 сағат бойы байқатпай артынан жүріп отырып полицияға хабарладым. Оны ұстаған сәтте маған «тәте, мен сені тауып алып өлтіремін» деді. Бұл өте қорқынышты. Осындай адамдар бар ортамызда, оны қатаң жазалауды талап етемін. 34 жастағы күдікті уақытша изоляторына қамалды. Полиция қылмыстық іс қозғады. Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: Оған қатысты ҚР ҚК–нің «кәмелеттік жасқа толмаған балаларға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетуге әрекет ету бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Артем Андропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Ұрысып жатқан екі ғашықты ажыратам деген қазақ спортшысы өзі таяқ жеп қалды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
Тәуелсіздік – басты құндылық
Мұз қатып қалған көлік құлпын қалай ашуға болады
Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды