Қарағандыда 80-ге тарта үлескер құрылыс компаниясынан ақшаларын қайтара алмай жүр. Олар «Британ кварталы» тұрғын үй кешенінің құрылысына ақша құйған. Қаланың жаңа орталығы оңтүстік шығыста ерекше жарнамаланған кешен 2022 жылы пайдалануға берілуі тиіс еді. Оның құрылысына жүздеген үлескер ақша салған. Ең азы болашақ пәтердің 20% -ын, ал көп дегені 50 %- ін төлеп қойыпты. Ақыры былтыр құрылыстың тоқтағанын көрген жұрт қаражаттарын қайтаруды талап етіп, арызданды.Бірақ құрылыс компаниясы қайтармай отыр.Есенкелді БИЖАНОВ, ҮЛЕСКЕР: Мен 6 жарым млн салғам.сотқа бергем, бірақ сот шешімі әлі орындалған жоқ. Бергеніме 1 жылдан асып кетті. Құр ақшамды қайтарса болды. Маған ештеңе керек жоқ сала ма, салмай ма. Ал компания өкілдері құрылыстың пандемия кезінде материалдарды ала алмауы себебінен тоқтағанын алға тартады. Қазір үй ақырындап салынып жатса керек. Биыл құрылыстың 4- тен бір бөлігі іске қосылады. Бас тартқан үлескерлерге де ақшаларын биыл қайтарамыз,- деп уәде берді. Аманжол РАЙЫМҚҰЛОВ- ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ: Толығымен қайтаруға қазір ондай жағдай жоқ. Траншпен уақытысымен ақша төленеді. 1 млрд- тау сумма болды, 800 млн қайтардық, Енді 200 млн-дай сумма қалып тұр. Осыны бірінші, екінші кварталда осы сұрақтар жабылады деп ойлаймын.