Қарағанды облысы Саран қаласындағы мешітте "Қайырымдылық-жақсылық жаршысы" атты қайырымдылық шарасы өтті. Игі іске "AMANAT" партиясы мұрындық болды. Көпбалалы аз қамтылған отбасылар мен ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға азық-түлік себеттері таратылды. Қорапқа ұн, қант, май, көкөніс, жеміс-жидек пен тәттілер салынған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараға демеуші азаматтар көмектескен. Бұл көңіл қуантады дейді партия мүшелері. Сымбат БЕКМАҒАНБЕТОВ, САРАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Мешіт бізге жағдайы нашар отбасылардың тізімін береді. "AMANAT" партиясы да көмекке мұқтаж жандардың тізімін жүргізеді. Осылай көмек көрсетеміз. Акцияның басты мақсаты да осы. Бұл арқылы кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, депутаттарды осындай игі істерге шақырамыз. Мая ИБРАЕВА, АҚТАС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, КӨПБАЛАЛЫ АНА: Үй алған жоқпын, баспаналы болған жоқпын. Сондықтан 4 бала болғаннан кейін жолдасым болмағаннан кейін өте қиын. Қазір өздеріңіз білесіздер бүкіл азық-түліктің бәрі қымбат. Күзетші болып жұмыс істеймін. Айлығым 78 мың ешқайда жетпейді. Сондықтан осы кісілерге хабарласқан едім. Бұл кісілер менең сұрады. Мен бұл кісілерге айтқан едім жағдайымды. Көптен көп рақмет! Осындай іс-шаралар көбейе берсін.