Қарағандылық тұрғындар көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz.25 маусымда сағат 21:30-да белгісіз азамат Бұқар жырау даңғылындағы көпірден секірмек болған. Өз-өзіне қол салмақ болған азаматты сол жерден өтіп бара жатқан адамдар түсіріп алып, полиция жасағына тапсырған.Полиция қызметкерлері 29 жастағы қала тұрғынына қатысты әкімшілік іс бастады. Спирттік ішімдік ішіп алған ер адам бұл әрекетке бұрынғы әйелінің тұрмыс құрғанын естіген соң барған.