Қарағандыда бұрынғы әйелін пышақтап өлтірген орманшы 14 жылға сотталды

Қарағанды облысы Ботақара ауылының тұрғыны ажырасу кезінде бұрынғы жұбайын пышақтап өлтірді. Ер адам аң аулайтын пышағын бұрынғы әйеліне үш рет сұғып алған. Әйел алған жарақатынан қайтыс болды.Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адам өлтіру және суық қаруды заңсыз түрде алып жүру фактісі бойынша іс қаралды. 26 мамырда Ботақара кентінің АХАТ ғимаратында жергілікті тұрғын мен оның бұрынғы әйелінің арасында жанжал болған. Содан кейін ол аңшы пышағын суырып алып, бұрынғы әйелінің шабына және сол жақ жауырынының астына екі соққы жасаған. Жәбірленуші алған жарақатынан Бұқар жырау ауданы орталық ауруханасында қайтыс болды. Сотталушының кінәсі куәлардың айғағымен, заттай дәлелдемемен, сараптама қорытындысы және басқа іс материалдарымен дәлелденді. Прокурор айыпталушыны екі бап бойынша кінәлі деп танып, 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. «Сот үкімімен У. адам өлтіргені және суық қаруды заңсыз алып жүргені үшін кінәлі деп танылып, оған бас-аяғы 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа мекемесінде өтейді. У-дың жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жай анықталған жоқ. Жаза тағайындау кезінде сот қылмыстың жасалу жағдайын, сотталушының жасалған қылмысқа деген ұстанымын және жәбірленуші тараптың пікірін назарға алды», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Көлік Ертіске құлап кеткен: тірі қалған жалғыз жолаушы оқиға қалай болғанын айтты
700 млн теңге қолды болған: Шымкентте аудан әкімдігінің лауазымды тұлғасы сотталды
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Әзербайжанда қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Қазгидромет Алматы және тағы 9 қаланың тұрғындарына ескерту жасады
Дархан Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды
700 млн теңге қолды болған: Шымкентте аудан әкімдігінің лауазымды тұлғасы сотталды
700 млн теңге қолды болған: Шымкентте шенеунік сотталды
Түркістанда тұрмыстық қалдықтар полигондарының 65%-ы санитарлық талапқа сәйкес емес
Көлік Ертіске құлап кеткен: тірі қалған жалғыз жолаушы оқиға қалай болғанын айтты
Көктайғақ, тұман: синоптиктер бүгінгі ауа райына байланысты ескерту жасады
Бүгін Қазақстанның 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Сирияда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 400%-ға көбейеді
Көкшетауда 4 жасар бала 39 магнит жұтып қойған
Өткен жылы елдегі стационарларда 3,4 млн астам пациент емделді
Әзербайжан ТЖМ қазақстандық құтқарушыларды марапаттады
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Елордадағы емханаларда Face ID жүйесі енгізілді
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?