Қарағандыда Екатерина Шпаковская мен оның жеті жасар қызы Софияның өліміне қатысты қылмыстық іс жабылды

Қарағандыда Екатерина Шпаковская мен оның жеті жасар қызы Софияның өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтады. Істің жабылуына марқұмдардан дене жарақатының табылмауы себеп болған. Яғни, өлімнің нақты себебі анықталмады. Еске салайық, былтыр қазан айында Қарағанды қаласы маңындағы Ақтас кентінің сыртындағы орманнан 7 жасар қыз бала мен оның анасының мәйіті табылды. Олар жоғалғаннан кейін екі апта өткен соң денелерін кездейсоқ адамдар көріп қалып полицияға хабарлаған. Сол кезде марқұмдардың 5 күн бойы орманда жатқаны белгілі болды. Әйелдің ата- анасы жоқ. Артында 84 жастағы көзі көрмейтін зағип әжесі қалған. Қарағанды облыстық полиция департаменті құпия өлімге қатысты Қылмыстық Кодекстің 99-бабының бірнеше тармағымен, яғни, «дәрменсіз күйдегі екі адамды өлтіру» дерегімен қылмыстық іс қозғаған болатын.Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі: Сот-медициналық сараптамасы барысында әйел мен қыздан дене жарақаты анықталмады. Жүргізілген тергеу-жедел іс-шарасы кісі өлтіру болмағанын анықтады. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты тоқтатылды.А. Қуаш

Читать источник astanatv.kz/kz/
Вьетнамдықтар қазақстандық әуе компаниясын сатып алады
Асхат Аймағамбетов мұғалімді шырша безендіруге жібергендерді жазалауды талап етті
Алдағы күндері -35 градусқа дейін аяз болады
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді