Қарағанды қаласының Магнитогорск көшесіндегі автобус аялдамаларының бірінің маңында белгісіз экскаватор жаяу жүргіншіні қағып кеткендігі туралы хабарлама полицияға түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.Жол апатынан 62 жастағы азаматша оқиға орынында алған дене жарақатынан қайтыс болған. Ал оны қағып кеткен жүргізуші ол жерден қашып кеткен. Аталған дерек бойынша қалалық ПБ-ның барлық жеке құрамына бағыттама берілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жаяу жүргіншіні қағып кетті деген күдікпен 61 жастағы экскаватор жүргізушісі ұсталды. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.