Қарағандыдағы "Сити Мол" сауда үйінде ер адам эскалатормен түсіп бара жатқан жігітті еш себепсіз арқасынан тепкен. Ол бұл соққыдан ұшып түсіп, құлады, - деп хабарлайды Massaget.kz.Видео Instagram-дағы karaganda.city парақшасында пайда болды. Полицейлер күдіктіні қолға түсірді."25 жастағы Қарағанды тұрғынына дене жарақаттарын келтіру дерегіне байланысты ҚР ҚК 293-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері бұрын психияторлық есепте тұрған 31 жастағы азаматты ұстады. Ол облыстық психоневрологиялық диспансеріне орналастырылды", - деп хабарлады полиция.