Қарағандыда үй ауласындағы алаңда темір футбол қақпасы құлап жеті жасар баланы басып қалды, деп хабарлайды Stan.kz."Қақпа ұлымның аяғына құлады. Ал егер жақынырақ тұрса, қақпа оның басына құлап кетер еді! Қақпа өте ауыр", - дейді зардап шеккен баланың анасы. Қарағанды қаласының әкімдігі мердігер ұйымдардың балалар алаңындағы тексеруді бастағанын хабарлады.Оқиға орын алған футбол алаңы 2020 жылы аула аумағын абаттандыру кезінде жабдықталды."2022 жылы мердігерлер футбол алаңдарына футбол қақпаларын орнату, қосымша күшейту жұмыстарын жүргізді. Алайда сыртқы әсерден бұл бекітпелер кей жерлерде жарамсыз болып қалды. Көктемгі-жазғы кезеңнің басталуымен қайта жөндеу жұмыстары басталды", - деді әкімдік.