Қарағандыда жаппай ауруханаға түскен балалардың неден уланғаны белгілі болды

Қарағанды облысында балалардың улануы себебіне инфекциялық аурулардың қатысы жоқ. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қарағанды облысының Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан ауруханаға түскен 14 баланың жетеуі сауығып, ауруханадан шығарылды. Қазіргі таңда олар сол орталықтағы дәрігерлердің бақылауында. Алты бала реанимация бөлімшесінде жатыр, төрт баланың жағдайы оң динамикамен ауыр жағдайда қалып отыр. Екі баланың жағдайы өте ауыр күйде. Жағдайдың ауырлығы неврологиялық және интоксикациялық синдромына, тыныс алу жеткіліксіздігіне байланысты болып отыр», - деді А. Ғиният. Оның айтуынша, осы оқиға бойынша республикалық және облыстық деңгейдегі мамандардың кеңейтілген консилиумдары күн сайын ұйымдастырылып жатыр. «Министрлік зардап шеккен балалардың жағдайына мониторинг жүргізуді және медициналық көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті эпидемияға қарсы және тексеру іс-шараларын жалғастырып отыр. Алдын ала эпидемилогиялық тексеру, зертханалық зерттеу нәтижелері аурудың таралу сипаты тамақтан уланудан болмағанын, сондай-ақ инфекциялық аурулардың жоқтығын көрсетті. Бұл жағдайдың болуы себебіне тоқталсақ, дәрігер мамандар токсикалық заттан қатты улану деп пайымдайды. Қазір сот-медициналық сараптама жүріп жатыр. Балалардың жағдайы министрліктің ерекше бақылауында», - деді министр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады
Қазақ елі Мекемтас Мырзахметұлын соңғы сапарға шығарып салды
Алдағы күндері жел күшейіп, тұман түседі
Журналистика ардагерлеріне жаңа ақпараттық технологиялар таныстырылды
Алматы соты 12 жасар қызды ұшаққа отырғызбай қойған Fly Arystan компаниясына өтемақы төлеуді міндеттеді
2 жасар қыз 135 магниттік шарды жұтып қойды
Қазақстандық талантты футболшыға Еуропа клубтары қызығып отыр
Бүгін – Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының құрылғанына 99 жыл толды
«Айқай естілді»: Астана әуежайында ер адам FlyArystan бортсерігіне шабуылдаған
Есірткі зертханасын ұйымдастырушылар сотталды
«Күйеуі еңбекқор»: Жазира Байырбекова табысты еркектер жайында сөз қозғады
Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
Бүгін Туринде қысқы универсиаданың ашылу салтанаты өтеді
Моңғолиядан табылған көне түрік және соғды жазулары қашалған бітіктаста не жазылғаны анықталды
Екі өңірдегі трассаларда жол қозғалысына шектеу қойылды
Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты деректі фильм түсіріледі
Батыс Қазақстан облысындағы бірнеше автожолда көлік қозғалысы шектелді
Маңғыстауда есірткі жарнамасымен айналысқан екі күдікті ұсталды
«Жыры бітпей кетті»: Қайрат Нұртастың әйелі басына түскен қиындықтарын айтты
Астаналық жас синхронистер Дубайда өткен халықаралық жарыстарда жеңіске жетті
“Бортсеріктің ішінен ұрған“. Полицейлер Астана әуежайындағы оқиғаға қатысты түсінік берді
Құдай сазайыңды берсін: Белгілі блогер жанайқайын жеткізді
Шымкентте мәйіті табылған әйел оқиғасына қатысты жаңа дерек шықты
Ғалымжан Мұстафаев жаңа қызметке тағайындалды