Қарағандыда жел кезінде ойын алаңы балалармен бірге ұшып кеткен

Ермағанбет Бөлекпаев Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімінің орынбасарын қызметінен босатуды тапсырды. Кейінгі аптада Қарағандыда қатты жел балалармен бірге ойын алаңын ұшырып кеткен болатын. Салдарынан балалар ауыр жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz.Өңір басшысы Қарағанды әкіміне аулаларды абаттандыруға жауапты Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімінің орынбасарын қызметінен босатуды тапсырды."Кейінгі аптада ересектердің немқұрайдығына байланысты екі бала зардап шекті. Мердігерлер тез ақша тапқысы келеді, ал кейбір әріптестер бұған көз жұмады. Сондықтан енді ескертумен шектелмеймін", - деді Ермағанбет Бөлекпаев.Сондай-ақ, облыс әкімі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мақсат екенін жеткізді."Мұндай нәрселерге бұдан былай жол беруге болмайды. Құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде учаскені қоршап, ескерту белгілерін қою керек. Мұның ешқайсы балалар жарақат алған аулада жасалмады, осылайша, қайғылы оқиға болды. Ойын алаңдарына қатысты абаттандыру ережелерін қайта қарау керек: жасанды көгалдың орнына мықтырағын қолданған жөн. Біздің мақсатымыз - балалардың қауіпсіз балалық шағын қамтамасыз ету, бұл мәселелерді қысқа мерзімде шешу қажет", - деді Ермағанбет Бөлекпаев.Еске салайық, кеше, 19 маусымда Қарағандыда қатты желден бала ойын алаңымен бірге ұшып кеткен болатын. Оқиға Голубые пруды шағынауданындағы №11 үйдің алаңында болған. Видеодан бала қатты жел салдарынан жасыл алаңның астында қалып, ұшып кеткенін көруге болады. Артынша бір адам келіп, оны алаңның ішінен шығарып алған. Кейінірек бір баланың жағдайы ауыр екені белгілі болды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астаналық робот тұрғындарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды
Алматыны қалың қар басты
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды
Қазақстан әлемдегі үздік ондыққа кірді
Желтоқсан – Тәуелсіздігіміздің ұлы рухы
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай гүл қою рәсімі өтті
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды құндылық
Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін ерекше дата
Тәуелсіздік – бейбітшілік пен бірліктің бастауы!
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық
Президент Бахрейн короліне құттықтау жеделхатын жолдады