Қарағанды қаласындағы Гүлдер-1 шағынауданында 9 қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға бүгін кешкі сағат 17.53 шамасында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.ТЖМ мәліметінше, 8-ші қабаттағы пәтерде тұрмыстық заттар мен жиһаздар өртенген. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер құтқару қалпақтарын қолданып, 10 адамды құтқарды, оның үшеуі балалар. Сондай-ақ 12 адам эвакуацияланды, оның екеуі балалар. Өртенген пәтердің екі тұрғыны қосымша тексеру үшін ауруханаға жеткізілді. Қызыл жалын 6 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. Өрт сағат 18.26-да сөндірілді. Оны сөндіруге жеке құрамның 30 адамы мен 8 жедел әрекет ету техникасы жұмылдырылды.