Қарағандыда қоймада жасырылған жарты млн қорап темекі табылды

Қарағанды тұрғынынан жарты млн қорап күмәнді темекі табылды. Акциздік маркасы жоқ 280 млн теңгенің тауарын ол қоймаға жасырып, кеншілер шаһарында сатпақ болған. Кәсіпкер заңсыз темекінің 40 тан астам түрін көрші Қырғызстаннан әкеліпті. Тауарды қоймада жасырып, салықтан жалтарған. Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды облыстық департаментінің тергеушілері барлық темекіні тәркілеп сотқа дейінгі тергеу басталды. «Темекі магнатының» барлық байланыстары тексеріліп жатыр. Кәсіпкер кінәсі дәлелденсе 2 жылға сотталуы мүмкін немесе 2 мың АЕК көлемінде айыппұл төлейді.Әлібек ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Қоймаларды тінту кезінде жалпы сомасы 432 мың қорапты құрайтын әртүрлі атаудағы темекі өнімдері табылып тәркіленді. Мамандардың қорытындысына сәйкес есепке алынбаған темекінің жалпы құны 280 млн теңгеден асады. Сотқа дейінгі тергеу басталып жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Ақтауда құлаған ұшаққа оқ атылған ба? Бозымбаев жауап берді
Бауыржан Исламхан «Ордабасыдан» кетті
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
2025 жылы еңбек демалысын қай айда алған тиімдірек? Біле жүріңіз!
Қураған ағаштан келер қауіп көп
Сауда үйінің қызметкері көмек сұраған зейнеткердің ақшасын ұрлап алған
Түркі жұртына ортақ тұлға
«Дарынды бала болды». Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Бізге керегі – заң мен тәртіп
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Шаттыққа толы шыршатой
Жол үстінде көліктерін “билеткен“ павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды
Көшпелі жиын өтті
Мәжіліс биылғы жұмысын қорытындылады