Қарағандыда Сұрыптау шағын ауданы және Компанейс кентінің тұрғындары бірнеше сағат бойы суық сусыз отыр. N6 магистральдық су құбырында диаметрі 500 мм болатын жарық пайда болды. 22 мамыр сағат 23:48-де N6 магистральдық су құбырында ақау пайда болды. Сұрыптау тұрғындарына су беретін полиэтилен құбырдың диаметрі 500 мм болатын бөлігі зақымдалған. Апаттың туындауына байланысты «Қарағанды Су» ЖШС түнгі сағат 1.30-да тұтынушыларға су беруді тоқтатты. Қазіргі уақытта компанияның жұмыс бригадалары қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Қазіргі уақытта құбырдың зақымдану сипаты туралы ақпарат жоқ. Ауыр арнайы техниканың кіруіне мүмкіндік жасау үшін топырақ әзірлеу, су айдау, кіретін жолдарды реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. N6 магистраліндегі полиэтилен су құбыры 2009 жылы пайдалануға берілген», - деп хабарлады «Қарағанды Су» ЖШС баспасөз қызметі. 23 мамыр күні таңертең арнайы көліктермен су тасымалданды. Компания бірінші кезекте ауруханалар мен мектептерге, сондай-ақ тұтынушыларға өтінімдер бойынша су жеткізді. Су тасымалдауға өтінімдерді келесі телефон нөмірі арқылы беруге болады: 47-11-16. Қарағанды қаласы әкімдігінің мәліметінше, «Қарағанды Су» ЖШС ұзындығы 1116 км болатын қаланың барлық су құбырларының 768 шақырым құбырын ауыстырған. Алдағы уақытта тағы 300 шақырымнан астам құбыр ауыстырылуы тиіс.