Қарағандылық өрт сөндірушілер өздеріне қауіп төндіріп, газ цистернасының жарылуына жол бермеді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.Белгілі болғандай, ТЖД күшімен 66 газ баллон қауіпсіз жерге шығарылды.Кеше сағат 16.19-да Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудандағы автогаз құю станциясында көлемі 6 текше метр болатын металл сыйымдылықтағы газдың жануы орын алды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру жұмыстары қауіпсіздік ережелерін ескере отырып жүргізілді. ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды. Өрт сағат 16.48-де оқшауланып, сағат 16.59-де сөндірілді. 66 газ баллон қауіпсіз жерге шығарылды. Өртке қарсы қызмет келгенге дейін контейнерде газ-ауа қоспасының тарсылы болды, кейін жеке құрылымның металл конструкциялары зақымдалған, - делінген ведомствоның хабарламасында.